Қоғам • Кеше

Қонаев – Талдықорған автожолында жаңа 4G базалық станциясы іске қосылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірер күн бұрын Beeline брендімен жұмыс істейтін «КаР-Тел» ЖШС Huawei Technologies Kazakhstan LLP компаниясымен бірлесіп, Қонаев-Талдықорған автожолы бойында орнатылған жаңа 4G базалық станциясы іске қосылды. Нысанның ерекшелігі – күн панельдерін пайдалану. Бұл оны өңірдегі Huawei компаниясының осы үлгідегі алғашқы энергия үнемдейтін базалық станциясына айналдырады, деп жазады Egemen.kz.

Қонаев – Талдықорған автожолында жаңа 4G базалық станциясы іске қосылды

 

Жобаның мақсаты – облыстың маңызды көлік бағыттарының бірінде мобильді байланыстың сапасын арттырып, жоғары жылдамдықты интернетке тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету. Жаңа телекоммуникациялық нысан Beeline абоненттеріне бүкіл бағыт бойында жоғары жылдамдықты мобильді интернетті пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту, жолаушылардың жайлылығын арттыру, сондай-ақ транзиттік және логистикалық ағындарды дамыту үшін аса маңызды.

Автомобиль жолдарын сапалы байланыспен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табады. Алдағы уақытта өңірдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын одан әрі кеңейту және жаңғырту арқылы халық пен бизнес үшін цифрлық қызметтердің қолжетімділігін арттыру жоспарлануда.

Алматы облысы.