Фото: Видеодан алынған кадр
Қалалық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, батыс бағытта келе жатқан Toyota жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, шығысқа қарай қозғалған Lexus автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соққыдан кейін тоқтап тұрған Lexus-қа әл-Фараби даңғылы бойымен шығысқа қарай келе жатқан Hyundai көлігі соғылған. Қатты соққы салдарынан Toyota көлігі өртеніп, жүргізуші мен жолаушысы, сондай-ақ Lexus жүргізушісі жарақат алды.
Қазір Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына дәл сол уақытта жетіп, Toyota Sienna маркалы көліктегі өртті 07:11-де толық сөндірген.
Бұған дейін Алматы облысында болған жол апатынан алты адам қаза тапты.