Фото: mosmolodezh.ru
Бастама аясында жеті мектепте волонтерлік клуб ашылып, серіктес ұйымдармен бірге 20-дан аса іс-шара ұйымдастырылған.
Салаға қызығушы волонтерлердің мүмкіндіктерін арттыру мақсатында базалық білім беру бағдарламасы әзірленген. Бағдарлама шеңберінде 886 адам білім алған. Сонымен қатар, бастама аясында жануарларға қамқорлық тақырыбында балаларға арналған кітап, комикс пен анимациялық туынды авторларының арасында шығармашылық байқау ұйымдастырылған.
Мәдениет және ақпарат министрлігі бастаманы еліміздегі зооволонтерлік қозғалысты ілгерілетуге және жануарларға қамқорлық мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам деп бағалады.