Тұлға • Бүгін, 08:03

Алаш аманатына адалдық

20 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жуырда елорданың С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясында Астана қаласы білім басқармасы мен әдістемелік орталығының қолдауымен «Смағұл Сәдуақасұлы және заманауи білім беру құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тағылымды жиын көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының өкілі, экономист, жазушы әрі журналист Смағұл Сәдуақасұлының туғанына 125 жыл толуына арналды.

Алаш аманатына адалдық

Ғылыми жиын басталарда зия­лы қауым мектеп ауласында орнатылған қайраткердің бюстін (авторы Талғат Анарбек) салтанатты түрде ашып, гүл шоқтарын қойды. Конференцияның пленарлық мәжілісінде мектеп-гимназия директоры Қарлығаш Жанғазақова, «Қаһармандар» қоғамдық қоры­ның президенті, заңгер-ғалым Сабыр Қасымов, «Қазақ газет­тері» серіктестігінің бас директоры, академик Дихан Қамзабекұлы, Ш.Уә­лиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қыз­меткері, профессор Гүлнар Мұқанова, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының қауымдастырған профессоры, алаштанушы Қайырбек Ке­меңгер, тарихшы-ғалым, қауым­дастырылған профессор Күлпаш Ілиясова, РФ Сібір дәстүрлі қолөнер институтының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Қайыртай Әмірғазин, Түркия Мимар Синан өнер уни­верситетінің профессоры, тарих докторы Әбдуақап Қара, Қажы Байрам Уәли университетінің профессоры, тарих докторы Гүлжанат Құрманғалиева-Ержиласун, Моң­ғолияның Байөлке аймағы Бі­лім басқармасы тіл-әдебиет аға әдіскері Әсемгүл Ибрагимқызы, Қырғызстан Қ.Тыныстанов атындағы Ыстықкөл уни­вер­си­тетінің ғылыми қызметкері Азиз Аубакиров, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Астана филиалы директорының орынбасары Самат Жұматайұлы, Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы, PhD Талғат Жанысбай баяндама жасады. Ғылыми жиынға Астана халықаралық университеті Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Саят Ыбырай модераторлық етті.

Халықаралық конференцияның педагогтерге арналған бөлімі мына жүйеде ғылыми-әдістемелік талқылаулар жүр­гізді: бірінші бағыт – «Смағұл Сәдуақас­ұлының қоғамдық-саяси қызметі және Алаш ұлттық идеясы» (төрағалары – Ғалия Жәрімбет, тарих магистрі, Ақжол Ме­шітхан, педагог-сарапшы), екінші бағыт – «С.Сәдуақасұлы мұрасы және заманауи білімді басқарудың жаңа модельдері» (төрағалары – Сәулеш Баймұхан, педагог-зерттеуші, Ернар Оразтай, педагог-модератор), үшінші бағыт – «Алаш қайраткерлері еңбегі және қазіргі орта білім мәселелері» (төрағалары – Мақпал Тоқтасын, педагог-сарапшы, Мағжан Ғы­лымбек, педагог-модератор), төр­тінші бағыт – «Адал азамат» бір­тұтас тәрбие бағдарламасы және Смағұл Сәдуақасұлы ең­бектеріндегі рухани-мәдени тұ­тастық идеясы» (төрағалары – Роза Бейбіт, педагог-сарапшы, Мәдина Қаб­ден, мұғалім), бесінші бағыт – «Смағұлтану» зерттеу еңбектерін білім беру үдерісіне ықпалдастыру: ЖИ мүмкіндіктері» (төрағалары – Лена Шәмен, педагог-зерттеуші, Ұлпан Тұрғынбек, мұғалім). Мо­дератордың бәрі – осы мектептің тарих пәні мұғалімдері.

общ

Конференцияның нәтижесінде Смағұл Сәдуақасұлының ағар­тушылық идеяларының қазіргі білім беру жүйе­сімен үндес­тігі талқыланып, ұлттық құнды­лықтарға негізделген білім беру­­дің өзекті бағыттары ұсынылды. Қатысу­шылар заманауи мектепте ұлттық-рухани құндылықтарды оқыту әдістері, цифр­лық білім беру мүмкіндіктері және педагогтердің кәсіби дайындығын күшейту жолдары жөнінде тәжірибе алмасты.

«Мектебіміздің С.Садуақасұлы мұ­ра­сын жаңғыртуына Астана қала­сы білім басқармасының басшысы Қасым­хан Сенғазыұлының, танымал смағұл­тану­шылардың, осы білім ошағының алғаш­қы жетекшісі Жанар Өмірханқызының, директорымыз Қарлығаш Есім­ханқызының еңбегі зор. Кон­ференцияның Алаш аманаты мен білімнің жаңашыл басым­дықтарына арналуы – тә­уелсіздік талабы», дейді осы мектеп-гимназия дирек­торының ғылыми-әдістемелік жұмыс жө­нін­дегі орынбасары Жұлдыз Көки.

 

Ескерген Иманбай 

Астана 

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұлан таланттары

Айбын • Бүгін, 08:55

Майдангер марапатталды

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:53

Мәдени оқиғалар шеруі

Мәдениет • Бүгін, 08:50

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30