Сурет: cjm.kz
Мұны біздің колледжде даярланып жатқан болашақ жас кадрлардың санасына талмай сіңіріп келеміз. Себебі әр жас маман өзі игерген кәсіптің маңызын, оның қоғамдағы қажеттілігін ең әуелі сезіне алуы керек.
Павлодар машина жасау колледжінде 7 жылдан бері жұмыс істеймін. Осы уақытқа дейін жүздеген түлек түлеп ұшып, олардың барлығы дерлік жергілікті кәсіпорындардан «екі қолға – бір күрек» тапты. Облыс орталығындағы «ERG Servis», «Қазақстан алюминийі», «KSP Steel» сынды ірі зауыттар, өзге де жөндеуші, құрастырушы кәсіпорындар тарапынан біз даярлайтын мамандарға сұраныс тұрақты. Кадр даярлау ісінде үнемі ізденісте болмасаң, бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру күрделі іс. Жыл сайын техникалық, кәсіптік білім беру саласындағы түрлі байқау-сындарға қатысамыз. Биыл республикалық кәсіби шеберлік байқауында инженерлік сала бойынша 1-орынды жеңіп алдым. Шәкіртім Даниил Усанов E RG Skills 2025 III корпоративтік кәсіби шеберлік байқауында «CAD инженерлік графикасы» құзыреттілігінде жеңімпаз атанды.
Оқыту саласында бірқатар өзіндік жобамыз бар. Алдымызда білім беру бағдарламаларын өнеркәсіппен тығыз байланыстыру, мазмұнын байыту міндеттері тұр. Мұның барлығы заманға сай, терең білімді, технологиялық сауатты, цифрлық игіліктерді меңгерген жас мамандар буынын даярлауда өте маңызды.
Нұрсұлтан БАЙДІЛДИН,
Павлодар машина жасау колледжінің арнайы пәндер оқытушысы