Фото: ашық дереккөз
Мысалы, 40 жастағылар үшін лимит 6 100 000 теңгеден 6 720 000 теңгеге дейін өседі. Яғни, биыл 620 000 теңгеге көбірек алу мүмкіндігі бар.
Зейнетақы төлемдерін алу 5 қаңтарға дейін тоқтатылады
Келесі жылы біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) алуға өтініш тек 5 қаңтардан бастап қабылданады, себебі 2026 жылғы 1-4 қаңтар – демалыс күндері. Бұл аралықта БЗТ бойынша барлық операциялар қолжетімсіз болады.
Зейнетақы жинағымен пластикалық ота жасауға тыйым салынды
Ескі жеткіліктілік шектерімен зейнетақыны қалай шешіп үлгереміз?
Отбасы банктің хабарлауынша, зейнетақы жинағын алу туралы өтініштерді 31 желтоқсан сағат 18:00-ге дейін беруге болады.
Бұл ретте:
-
29 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) берілген өтініштер БЖЗҚ-да осы жылы өңделеді;
-
30-31 желтоқсанда жіберілген өтініштер екі жұмыс күні ішінде қаралады.
Ескі шектермен зейнетақыны шешіп алу үшін өтініш 31 желтоқсан сағат 18:00-ге дейін БЖЗҚ-да қабылдануы тиіс.
Соңына дейін күтпей, өтінішті мүмкіндігінше ертерек беру ұсынылады.
31 желтоқсанда арнайы шот ашуға бола ма?
Отбасы банктің мәліметінше, біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнайы шоттар бойынша операциялар 31 желтоқсан күні сағат 16:00-ге дейін ғана жүргізіледі.
Зейнетақы 10%-ға өседі: 2026 жылы зейнеткерлер қанша теңге алады?
Бұл уақытқа дейін:
-
БЗТ бойынша арнайы шот ашу және жабу;
-
қаражатты тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарына аудару;
-
екінші деңгейлі банктерге аудару;
-
арнайы шоттардан БЗТ-ны беру қолжетімді болады.
Зейнетақыны салықсыз қалай шешеміз?
Салық төлемеу үшін өтініш берген кезде «Жеке табыс салығын кейінге қалдыру» нұсқасын таңдау қажет, яғни салықты зейнетке шыққан кезде төлеу.
Егер «Салықты бірден төлеу» таңдалса, сомадан 10% ұсталынып қалады және оны кейін қайтару мүмкін болмайды.
Ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жинағын алу кезінде 10% жеке табыс салығы толықтай алынып тасталады.