Абай • Кеше

Абай және жас ұрпақ

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұлы ойшыл, қазақ руханиятының темірқазығы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Жас ұрпақ және Абай мұрасы» атты тағылымды форум өтті, деп жазады Egemen.kz.

Абай және жас ұрпақ

Іс-шараның мақсаты – Абай мұрасын жас буын санасына терең сіңіру, рухани сабақтастықты нығайту.

Форумның шымылдығы ақынның өмірі мен шығармашылық жолын арқау еткен «Жас Абай» әдеби қойылымымен ашылды. Ашылу салтанатына Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева, «Абай» журналының редакторы Райхан Шарапиева, Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының сирек қор бөлімінің басшысы Жанылгүл Манжибаева, мектеп директоры Ербол Қайнарбаев, қала мектептерінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Сонымен қатар Баку қаласынан онлайн форматта қосылған әзербайжандық ұстаздар Айтен Багиева, Ханым Фаталиева, Жавахир Мамедова Абай шығармашылығының түркі әлеміндегі рухани орны жөнінде ой бөлісті.

Форум аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының жылжымалы көрмесі ұсынылып, қатысушылар ақын өміріне қатысты құнды деректермен танысты.

Бұдан кейін қала мектептерінің оқушылары қатысқан танымдық және шығармашылық бағыттағы жұмыстар ұйымдастырылды. Абай мұрасын талқылауға арналған зияткерлік-танымдық кездесулер, түрлі форматтағы жұмыстар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани танымын тереңдетуге бағытталды. Форум мазмұнын байытқан «Абайды оқы, таңырқа» атты кіріктірілген шаңырақ сағаты барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы тәрбиелік әрі танымдық тұрғыда жүйеленіп, жас ерекшелігіне сай ұсынылды.

Абай облысы

Соңғы жаңалықтар