Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2025

Заманауи спорт кешені салынды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау ауданының Жезді кентінде 160 орындық заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, сал­­танатты түрде пайдалануға берілді. Ашылу рәсіміне Ұлытау облы­сының әкімі Дастан Рыспеков қатысып, өңір тұрғындарын спорт ны­санының іске қосылуы­мен құттықтады.

Заманауи спорт кешені салынды

Заманауи спорт кешені Мемлекет басшысының өңірлерді дамыту, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, саламатты ұлт қалыптастыруға бағытталған сындарлы саясатының нақты нәтижесі, мемлекет тарапынан барлық өңірге көңіл бөлініп отырғанының дәлелі.

Қос қабатты спорт кешенінде баскетбол, волейбол ойындарына арналған әмбебап спорт залы, көрермендер орындары, әкімшілік кабинеттер мен арнайы қосалқы бөлмелер қарастырылған. Жаңа нысан тұрғындардың спортпен тұрақты түрде айналысуына, қабілетін шыңдауына, бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік береді.

Жыл соңына дейін облыс орталығы Жезқазған қаласында есу спортына арналған спорт кешені, Жаңаарқа ауданының орталығында 210 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені, сондай-ақ Ералиев ауылында ангар үлгісіндегі жылдам салынатын спорт кешені ел игілігіне беріледі.

 

Ұлытау облысы

 

Соңғы жаңалықтар