Аймақтар • Бүгін, 07:50

Орны бөлек орталық

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қызылордада инклюзивті спорт орталығы ашылды. Орны бөлек орталықтың салынуына «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қолдау көрсеткен.

Орны бөлек орталық

Сурет: aqmeshit-aptalygy.kz

Парламент Сенаты мен Мәжілі­сінің депутаттары Наурызбай Бай­қадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайым­бетов, Мұрат Ергешбаев, «Қазақстан халқы­на» қоғам­дық қорының басқарма төр­ағасы Ләззат Шыңғыс­баеваның және жұртшы­лықтың қатысуымен өткен салтанатты жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев саламатты өмір салтын ұстанудың маңызын атап өтіп, жиналған қауымды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

– Біздің әр бастамамыз елдің бірлігінің арқасында жүзеге асып келеді. Соның дәлелі «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен салынған инклюзивті спорт орталығы. Жобаны іске асыруға 2,9 млрд теңге бөлінді. Мұнда спортшыларымызға арнал­ған волейбол, күрес, жалпы дене дайындығы залдары бар. Бір мезетте 131 адамның спортпен жүйелі шұғылдануына мүмкіндік жасалған, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы­на, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін Ләззат Шыңғысбаева басқаратын «Қазақстан халқына» қоры ұжымына Сыр жұртшылығының атынан алғыс айтты.

Жалпы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры өңірдегі маңызды әлеуметтік бастамаларға 12 млрд 851 млн теңге бағыттаған. Соның ішінде ауыл мектептерінің материалдық базасын нығайтуға 5 млрд теңгеден аса қаржы қаралса, денсаулық сақ­тау, әлеуметтік қорғау салаларын­да 5 млрд теңгенің жобалары іске асырылып келеді.

Спорт инфрақұрылымын дамы­туға бөлінген 2 млрд 728 млн теңгеге өткен жылы Шиелі, Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері салынып, пайдалануға берілді. Сырдария, Қармақшы аудандарындағы спорт нысандары жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Кәсіпкерлер, ұлттық компаниялар мен спорт федерациялары да облыс тұрғындарының бұқаралық, кәсіби спортпен айналысуына мүмкіндік жасап отыр. Осының арқасында 4 жылдан бері 23 спорт нысаны, 20 спорт кешені салынды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендерде тағы 4 спорт кешені ел игілігіне табысталады. Аймақта алғаш рет ерлер мен әйелдерге арналған «Қызылорда бокс клубы» жұмысын бастады. Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен Қызылорда қаласын­дағы Ғани Мұратбаев атындағы стадион­ның қосалқы алаңы мен Жалағаш ауданының орталық стадионы күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді. Жергілікті кәсіпкерлер демеушілігімен 1 млрд 600 млн теңгеге 80 спорт-ойын алаңы салынды.

Облыс орталығындағы ірі жобалардың бірі аумағы 25 мың шаршы метрлік «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешені болып отыр. Бұл нысанда олимпиадалық стандарттарға сай 50 метрлік бассейн, Азия, әлем чемпионаттарын өткізуге арналған 2 500 орындық зал, олимпиадалық спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары болады.

 

Қызылорда 

Соңғы жаңалықтар