Фото: Астана қаласы әкімдігі
Іс-шара 4 ақпан күні «Астана – Тұран» университетінде өтеді.
Жәрмеңке жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді бір алаңда тоғыстырып, өзекті бос орындар туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
Келушілер түрлі салалар бойынша тікелей жұмыс берушілермен сұхбаттасып, еңбек нарығындағы соңғы үрдістермен таныса алады.
Еңбек нарығының ерекше буыны: Өзін-өзі жұмыспен қамту заман талабы ма, әлде амалсыздық па?
Айта кетейік, Астанада бос жұмыс орындарын ұсынатын жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылады. Былтыр Астанада елдегі ең ірі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткенін хабарлағанбыз.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға жаңа арнайы салық режимі енгізіледі.