Басылым • Бүгін, 08:10

Қатарынан қара үзген шығарма

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл – атаулы кітап. Тіпті атойлап таныстыруға да тұрар­лық. Авторы Арман Әлменбет былтыр жас ақын-жазушыларға берілетін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты осы шығармасымен жеңіп алды. «Проза» аталымы бойынша.

Қатарынан қара үзген шығарма

Сол жеңімпаз шығарма, «Тергеуші» атты роман, 398 беттік кітап болып шыққаны кеше ғана. Шығарма қатардағы туынды емес, дүниеге келе сала қатарынан қара үзгені, іле кітап ретінде жарық көргені. Өзі автор әрі баспагер болғандықтан дизайны, қатталуы өте тамаша. Кітап қалың болса да, салмағы жеп-жеңіл. Мұқабасы қатты. Әзірге мың данамен нарыққа шығыпты. Ал авторға келсек, бұған дейін бір роман ұсынып, прозалық жинағы шығып үлгерген жазушы, баспагер. Кітап ісімен айналысып жүрген Арман Әлменбет руха­ният десе жанып тұрған қазақ. Бұрын кітап дүкендерінде бірен-саран ғана қыл­тиып тұратын қазақ кітап­тары қазір «Меломан», «Марвин» дү­кендерінде сықап тұрмаса да, бір бұрышын қампайтуға жетеғабыл. Атсалысқан осындай жігіттер­дің арқасы. Жазушы, сондай-ақ ке­йінгі жылдары шыққан «Сөз­тү­зер», «Комментатор сөздігі» кітап­тары авторларының бірі. Өзі қаттап шығарған мына «Тер­геуші» кітабын үш жыл жазға­нын айтады.

«Алыстағы малды ауылдарда жа­салатын ірілі-ұсақ қылмыс­тың қай-қайсысы болса да тіркелген жағ­дай­да тергеушінің алдына келеді. Елеу­сіз адамдардың тағдырына тергеуші куә. Олар тап болған ауыртпалық пен кенелген қуаныш жұмысты жанын салып істейтін тергеушінің көз алдында. Әр іс өзінше майдан. Сол майданда тер­геу­ші жеңе ме, қылмыскер жеңе ме?» делінген кітаптың қысқаша түсінігінде. 

Соңғы жаңалықтар