Білім • Бүгін, 08:48

Білім сапасын талқылады

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өткен аптада Nazarbayev University-де «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: қазіргі жағдайы мен даму келешегі» атты форум өтті. Оны аталған жоғары оқу орны мен Ғылым және жоғары білім министр­лігі Ғылым және жоға­ры білім саласындағы сапаны қам­тама­сыз ету комитеті бірлесіп өт­кізді.

Білім сапасын талқылады

Екі күнге созылған жиынға еліміздегі жоғары оқу орын­да­рының ректорлары мен проректорлары, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Форумның алғашқы күні «QAA», «ASIIN» және «IAAR» халықаралық аккредиттеу агент­тік сарапшыларының қатысуы­мен шебер­лік сағаттары ұйым­дас­тырылды. Онда қатысушылар университеттерді халық­аралық аккредиттеуге дайындау, cапа мәдение­тін қалыптастыру және білім қыз­метінің экспортын дамыту мәселелерін талқылады.

Ал екінші күні – докто­рант­тардың зерттеу қызметі нәтижесінің сапасын бағалаудың жаңа тәсілі мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйелерін дамыту сөз болды. Сонымен қатар қатысушылар тақы­рыптық сессияларға бөлі­ніп, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласын реттеу және рұқсат беру саясатын сараптады.

Форумның басты оқиғасы – жоғары білім мен ғылымның сапасын қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму келешегіне, сондай-ақ заманауи техно­ло­гия­лық және нормативтік өзгерістердің жо­ға­ры және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласына арналған пленарлық отырыс болды. Бұған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, отандық жоға­ры білімнің сапасы мен дамуы жайында салмақты сөз өрбітті.

Жиын барысында жоғары білімдегі сапаны қам­та­ма­сыз ету бойынша әлемдегі жетекші органның бірі – «Quality Assurance Agency for Higher Education» агенттігінің (QAA) өкілі Nazarbayev University-дің Жоғары білім мектебіне QAA-дің халық­аралық бағдарламасын аккре­диттеу сертификатын табыс етті. Бұл Жоғары білім  мектебінің үш академиялық бағдарламаның сәтті өтуі нәти­жесінде берілді. Дәлірек айт­­­­қанда, бірінші – көптілді білім бойынша магистрлік бағдарлама (MA), екінші – білім­дегі көшбасшылығы бойынша магистрлік бағ­дарлама (MSc), үшіншісі  білім саласы бойынша PhD халықаралық талап­тарға сай деп танылды.

Осы ретте NU президенті, профессор Вакар Ахмад аталған жоғары оқу орны білім сапасын қамтамасыз ету мәдениетін дамытуда қозғаушы күш ретіндегі рөлін берік ұстанатынын жет­кізді.

«Академиялық адалдық пен академиялық еркіндік университет мақсатының негізі өзегі болып қалады. Сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологияның маңызы ал­да­ғы уақытта арта түседі. Ал ғы­лыми зерттеулер оқу үдерісімен бұрынғыдан да тығыз ықпалдасады. «Times Higher Education» (THE) 2025 жаһандық рейтингінде «Білім» бағыты бойынша әлемнің үздік 200 жоғары оқу орны қатарына енген NU Жоғары білім мектебі еліміздегі университеттермен бір­лесіп, білім мен ғылыми зерттеулердің сапа стандартын көтеру бағытында жұмыс істеп келеді», деді ол.

Жиын қорытындысында қатысу­шылар сапаны қамта­масыз ету тетігін одан әрі дамы­тып, халықаралық ынтымақ­тас­тық­ты кеңейтіп, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің ұлттық жүйесіне үздік шетелдік тәжірибелерді енгізу қажеттігін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Термо шам

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:18

Face ID қалай пайда болды?

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:12

Кетбұқа сұлтанның теңгесі

Жәдігер • Бүгін, 09:10

Кака кетіп, Какау келді

Спорт • Бүгін, 09:02

Фонограмманы заң шектей ала ма?

Мәдениет • Бүгін, 09:00

Ұшқышсыз авиация орталығы

Университет • Бүгін, 08:55