Өндіріс • Кеше

Заманауи әйнек өндіретін зауыт

20 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елімізде шыны өнеркәсібін дамытуға айрықша көңіл бөлініп отыр. Құрылыс қарқыны мен инфрақұрылым жоба­лары­ның көбеюі, қайта өңдеу мәде­ниетінің орнығуы шыныға деген сұра­ныс­ты өсіріп, осы саланың маңы­зын айқындай түсті. Кейінгі жыл­дары ішкі нарықта заманауи әйнек өн­ді­ретін өндіріс орындары көптеп ашы­ла бастады. Сондай бір жоба Әулиеата жерінде қолға алынды.

Заманауи әйнек өндіретін зауыт

Суретті түсірген – Алтынбек Қартабай

Шыны өңдеу өндірісін дамытуға ден қойған «Dala Glass» компаниясының құрыл­ғанына санаулы жыл ғана болды. Аз уа­қытта ауқымды жобаларды жүзеге асыру­ға ден қойған компания басшы­лы­ғы Тараз төрінде де шыны өңдеу өндірі­сін өркендетіп жатыр. Жаһандық деңгей­дегі өнім шығаруға басымдық берген жаңа зауыттағы жұмыс қарқыны көңіл тоғайтады.

Зауыт директоры Қуаныш Серікбаевтың айтуынша, жаңа өндіріс орнында үш бірдей авто­маттандырылған желі орна­тыл­ған. Маман келтірген дерекке жүгінсек, шыны кесу, өңдеу, көп­қабатты қауіпсіз шыны өн­діру мен шыны пакеттер жинау желісі сапалы өнім шығаруға барын­ша мүмкіндік туғызады. Мұн­дағы барлық құрал-жабдық уақыт сұранысына сай сұрыпталып алынған.

«Біз бірінші кезекте сапалы өнім өндіруге басымдық беріп отырмыз. Ол үшін халықаралық стандартқа сай жабдықтар сатып алдық. Әлемдік деңгейдегі өнім шығару үшін құрал-жабдықтар сол деңгейге сай болуы керек деп есептейміз. Сондықтан бұл мәселеге айрықша назар аудар­ғанымызды айта кеткен жөн. Қажетті құрылғыларды сапасына сай барынша зерттедік, зер­деледік. Негізгі мақсат – шыныны өңдеу, құрылыс пен интерьерге арналған заманауи энер­гия үнемдейтін шешімдер ұсыну. Жұмысымызды осы бағытта өр­кендетуге ден қойып отыр­мыз. Әрине, бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін қол­дан келгенше тер төгіп жатыр­мыз. Бізге ең маңыздысы – тұты­нушы сұра­нысын қанағаттан­дыру. Сонда ғана нарықта өз орнымызды айқындайтыны­мызға бек сенімдімін. Әлемдік деңгей­дегі өнім шығару үшін қағида­тымызды берік ұста­на­мыз. Алған бағытымыз­дан айнымаймыз», дейді зауыт ди­ректоры.

п

Жаңа кәсіпорын басшысының айтуынша, су жаңа зауытта қыз­меткерлердің алаңсыз жұмыс істеуіне қолдан келгенше барлық жағдай қарастырылған көрінеді. Зауыттың жалпы аумағы 6 мың шаршы метрді құрап отыр. Мұнда екі өндірістік цех, кеңсе ғима­раты мен зауыт қызмет­керле­ріне арналған бөлмелер бар.

«Біздің зауыттың өнім өнді­рудегі қуаттылығы айына 2 мың шаршы метрді құрайды. Бұл дегені­міз жылына 240 мың шаршы метр дайын өнім шығара алатын мүмкіндігіміз бар деген сөз. Нәтижесінде, жылдық қаржылық айналым 5 млрд теңгені құрайды. Әрине, алға қойған ауқымды жоспарлар да баршылық. Сол ойларымызды жүйелі түрде жүзеге асыру үшін әлі біраз жұмыс істейміз. Бастапқы кезеңде бірінші цехты толықтай іске қосқанымызды айта кеткен жөн. Елуден астам жергілікті азамат тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Екінші өндірістік цех толық қуатында жұмыс істеген кезде тағы да елу жұмыс орны ашылады. Содан соң, өндірілген әйнек те, ақшалай айналым да екі есеге артатынына сенімдіміз», дейді Қ.Серікбаев.

Заманауи әйнек өндірісін өркендетуге ден қойған зауыт басшылығы елімізде жасалған ұлттық өнімнің сапасын жаңа деңгейге көтеруге басымдық беріп отыр. Сол арқылы отандық брендті қалыптастырсақ деген ниеті бар.

«Ауқымды жоба бас­тал­ғаннан бастап, іске асы­рыл­ғанға дейін айрықша қолдау көрсет­кен жергі­лікті атқарушы билік өкілдеріне  алғыс айтамыз. Елі­мізде шыны өнеркәсібін дамы­туға айрықша көңіл бөлініп отырғаны көңіл қуантады. Әри­не, отандық өнімді ішкі нарық­та өткергеннен ешкім ұтыл­май­ды. Әйтсе де өз елімізде өнді­ріл­ген өнімді көр­шілес елдер­ге экспортқа шыға­рудың да маңызы зор. Ал­да­ғы уақытта осы бағыт­та жұ­мыс­­ты жандандыратын бола­мыз», дейді зауыт директоры.

Қалай десек те қазір «Dala Glass» кәсіпорнында жұмыс қарқыны үдей түскен. Мұнда еңбек етіп жатқан жергілікті мамандар сапалы өнім шығаруға аянбай тер төгіп жатыр. Зауыт қызметкерлері өндірген өнімге деген сұраныс та артып отыр.

 

Тараз 

Соңғы жаңалықтар