Еңбек • Бүгін, 08:35

Білім саласына сұраныс жоғары

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 102,7 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздегендер 162,4 мың түйіндеме орналастырған. Жұмыс іздеушілер саны бос орындар санынан асып түсті, бір жұмыс орнына орта есеппен 1,58 түйіндемеден келген. Бұл ретте барлық жұмыс ұсыныстарының 80%-дан астамы білікті кадрларға бағытталғанын айта кеткен жөн.

Білім саласына сұраныс жоғары

Сурет: nazarmedia.kz

Электрондық еңбек биржасын­дағы өзгерістерге қарап, сұраныс пен ұсыныстың қыс айларында құбылуы қалыпты жағдай деп пайымдауға болады. Бірер айда жұмысшы мамандықтар сұраныстың жартысына жуығын құрап, 48,9 мың (47,6%) бос жұмыс орны жарияланған. Нақты кәсіптердің ішінде жұмыс берушілер тарапынан ең көп сұранысқа ие болған мейіргер (1,9 мың бос жұмыс орны), санитарлар мен автомобиль жүргізуші­лері (әрқайсысы 1,8 мыңнан), математика пәнінің мұғалімдері (1,7 мың) екен.

Салалық бөліністе сұраныс барлық бос орындардың 66,4%-ын құрайтын бес негізгі салада шоғырланған. Әдеттегідей, 33 мыңнан астам хабарландыру жариялан­ған білім саласы көш бастап тұр. Бұл дегені­ңіз – жалпы санның үштен бірге жуығы осы салаға тиесілі деген сөз. Одан кейін өзге де қызмет түрлерінде – 11,4 мың (11,1%), денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9,7 мың (9,5%) бос орын орналасқан. Сол секілді кадрларға жоғары қажеттілік мемлекеттік басқаруда (7 мың), өңдеу өнеркәсібінде (6,9 мың) тіркелген.

Өңірлік бөліністе бос орындардың ең көп саны Астана қаласында (8,9 мың), Түркістан (7,3 мың), Қарағанды (7,1 мың) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (6,9 мың) тіркеліпті. Жұмыс іздеп, түйіндеме жариялағандардың қатарында Түркістан облысының (23 мың) тұрғындары көш бастаған. Сондай-ақ Атырау (12,2 мың), Маңғыстау (11,3 мың), Қызылорда (10,9 мың) облыстарының тұрғындары жоғары белсенділік танытқан. Мегаполистерде де осыған ұқсас көрсеткіштер байқалған.

Жыл басында жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны бұрғылау жөніндегі супервайзерлерге (орта есеппен 991 мың теңгеден бастап), өндіруші өнеркәсіптегі учаске бастықтарына (876 мың теңгеден бастап), бас геологтерге (803 мың теңгеден бастап) ұсыныпты. Жұмыс іздеушілер тарапынан жалақы бойынша ең жоғары үлес жаңа өнімдерді әзірлеу жөніндегі жоба жетекшілерінің (1,3 млн теңге), жеке сектордағы коммерциялық директор­­лар­дың (1,2 млн теңге), іске қосу мен сынақ­­тар жөніндегі инженерлердің (орта есеп­­пен 865 мың теңге) түйіндемелерінде байқалған. 

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28