Ауа райы • Бүгін, 09:30

Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 28 ақпанда Астана мен еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлауы ықтимал екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды

 «28 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Астана, Павлодар, Қарағады, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, түнде Қостанай қалаларында күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

41 градус аяз: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды