Оқиға • Бүгін, 12:57

«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Израиль 28 ақпан, сенбі күні таңертең Иранға алдын ала соққы жасады. Шабуылды елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац растады. Тегеран қаласында кемінде үш жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыстар Иран астанасының орталық бөлігінде орын алған, деп жазады Egemen.kz

«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады

Фото: Vahid Salemi / AP

Сондай-ақ Иранға жасалған шабуылға АҚШ-тың қатысы бар екені туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті Израиль Қорғаныс министрлігінің өкілі растады. Оның айтуынша, операция бірнеше ай бойы жоспарланған, ал басталу күні бірнеше апта бұрын белгіленген.

Президент резиденциясына соққы жасалды

Соққылар Иран президенті Масуд Пезешкианның резиденциясына, Ислам революциясы сақшылары корпусының барлау штабына және Тегеран әуежайына бағытталған. Мәліметтерге сәйкес, Пезешкиан қазір қалада емес. Елдің Жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеи де Тегеранда емес – ол қауіпсіз жерге көшірілген.

Қазіргі уақытта Иран мен Израиль әуе кеңістігін жапты. Израиль Тегеран тарапынан жауап ретінде соққы күтілуіне байланысты төтенше жағдай жариялады. Мектептердегі сабақтар тоқтатылды, жұмыс орындарына баруға да тыйым салынды. Тұрғындарға паналау орындарына бару ұсынылды.

Тегеранның шығыс және батыс бөліктерінде ұялы байланыс желілері өшірілген, кейбір аудандарда интернет байланысы әлсіреген. Жарылыстар сондай-ақ Исфахан қаласында (онда ядролық нысандардың бірі орналасқан), Лурестан провинциясында, сондай-ақ Тебриз, Кум, Кередж және Керманшах қалаларында да естілген.

АҚШ-та Иранға соққы жасаудың мақсаты айтылды

Әуе соққыларының мақсаты – Иранның қауіпсіздік жүйесін әлсірету. Бұл шабуыл 2025 жылдың маусым айындағы оқиғаларға қарағанда ауқымдырақ болуы мүмкін.

АҚШ тарапының өкілі ондаған америкалық соққылар Таяу Шығыстағы базаларда орналасқан шабуылдаушы ұшақтармен, сондай-ақ бір немесе бірнеше әуе тасымалдаушы кемелерден жасалып жатқанын мәлімдеді.

Израильдік шенеуніктің айтуынша, АҚШ пен Израильдің бірлескен соққылары кемінде төрт күнге созылады. Операция бірнеше кезеңге жоспарланған.

«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды», деді израильдік шенеунік.

Мәліметтерге сәйкес, Израиль мен АҚШ-тың Иранға соққы жасауы АҚШ президенті Дональд Трамптың ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздерге көңілі толмауынан кейін орын алған. 

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30

Игі істің иесі

Қоғам • Бүгін, 09:25