Президент • Кеше

Мемлекет басшысы Президент әлем біріншілігінде тамаша өнер көрсеткен Кристина Шумекованы құттықтады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы жасөспірімдер арасында конькимен жүгіруден өткен әлем біріншілігінде тамаша өнер көрсеткен Кристина Шумекованы құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекет басшысы Президент әлем біріншілігінде тамаша өнер көрсеткен Кристина Шумекованы құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Кристина Шумекованың үш алтын медаль мен абсолютті әлем чемпионы атағына ие болуын отандық спорт тарихындағы ерекше оқиға ретінде бағалады.

Президенттің айтуынша, атлет мұндай табысқа талант пен табанды еңбектің, темірдей тәртіп пен жеңіске деген мұқалмас жігердің арқасында жетті. Сондай-ақ ол Кристинаның алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Қазақстандық Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Отандық конькимен жүгіру спортының тарихына енді,

Соңғы жаңалықтар