Референдум • Бүгін, 15:31

Өскемен тұрғыны парапланмен келіп дауыс берді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменнің тұрғыны, әскери ардагер ұшқыш Николай Петинцев референдум учаскесіне парапланмен ұшып келіп, дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.

Өскемен тұрғыны парапланмен келіп дауыс берді

Суретті түсірген автор

«Көк аспанда қандай жауапкершілікті сезінсең, ел ертеңі үшін де солай жауаптысың», дейді зейнеттегі әскери полковник Николай Петинцев.

Ол өзіне тиесілі учаскенің іргесіндегі жазыққа парапланмен келіп қонды. Бала жастан аспанды армандаған ол зейнетке дейін әскери ұшақ тізгінінен түспеген. Парапланмен ғана емес, парашютпен секірудің де әккі шебері.

«Өмір бойы мемлекет үшін еңбек етіп келдім. Алпыс үшке келсем де, саяси науқандардан қалмаймын. Ал, бүгінгі менің ғана емес, бүтін Қазақстанның болашағы», дейді Н. Петинцев.

М.Қайнарұлы

Николайдың аспанға деген қызығушылығы бала кезінен басталған. Тіпті бес жасында-ақ болашақта ұшқыш болатынына сенімді болған.

Есік қаласындағы референдум учаскесіне «Алтын адам» келді

Катонқарағай ауданы, Белқарағай ауылында туған ол 16 жасында парашют спортымен айналыса бастады. 1978 жылы авиациялық-спорт клубының базасында алғаш рет парашюттен секірген. Кейін Барнаулдағы әскери ұшқыштар училищесіне түсіп, кәсіби ұшқыш атанады. Оқуын аяқтаған соң «СУ-24» ұшағымен Ауғанстанда жауынгерлік тапсырмалар орындаған.

Алматыда «Бүркіт» референдумда өз таңдауын жасады

Бертін келе, ол парапланмен ұшуға қызығып, жаңа бағытқа бет бұрады. Соңғы он жылда ол жерден гөрі аспанда көбірек уақыт өткізетінін айтады. Бүгінгі науқанға да елден ерекшеленіп келіп дауыс берді.

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар