ТЖМ мәліметінше, Алматы облысында «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында микроавтобус еңістен сырғып кетіп, шамамен 150 метрге төмен құлап түскен.
Жақын маңда гидробекет салу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Қазселденқорғау» қызметкерлері оқиғаға жедел араласқан.
«Алматы облысы ТЖД күштерімен бірлесіп, көлік құралы қолжетімсіз аумақтан сәтті шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар таулы жерлерде қозғалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады», делінген ТЖМ хабарламасында.