Қоғам • Бүгін, 12:06

Қазақстанда жол сапасын дрондар бақылайды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде тасжолдардың жай-күйін бақылауға арналған жаңа буын ұшқышсыз ұшатын аппарат сынақтан өтті. DJI Matrice 400 дронының лазерлік лидармен жабдықталған мүмкіндіктері Ақмол – Воздвиженка – Талапкер облыстық маңызы бар тасжолының учаскесінде тексерілді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда жол сапасын дрондар бақылайды

Фото: Ашық дереккөз

Құрылғының технологиялық базасы тексеру процесін айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді. LiDAR және mmWave-радарын пайдалану арқылы жолдың беткі қабаты сканерленіп, тегіс емес жерлер мен зақымданулар нақты уақыт режимінде тіркеледі. Деректерді жинау процесі барынша автоматтандырылған. Оператор ұшу аймағын белгілегеннен кейін дрон маршрутты өздігінен құрастырады. Жүйе O4 Enterprise Enhanced деректерді беру технологиясымен жабдықталған. Бұл арқылы тұрақты байланысты қамтылып, жасанды интеллект элементтерімен тиімді жұмыс істейді. Сондай-ақ интеллектуалды анықтау, көрінетін және жылу арқылы түсірілім жасау, сондай-ақ AR-визуализация функциялары қолжетімді. Бұл күрделі метеорологиялық жағдайларда және көру мүмкіндігі төмен кезде де тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Астанада тазалықты бақылауға дрондар жұмылдырылады

«Дрон қатты жел жағдайларына бейімделген, бұл ашық дала өңірлері үшін аса маңызды. Осындай технологияларды енгізу жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және тасжолдардың сапасын жақсарту үшін стратегиялық маңызды қадам ретінде қарастырылады. Ерте диагностика ақауларды қауіпті деңгейге жетпей тұрып жоюға мүмкіндік береді. Қазір бұл технологияны тасжолдардың жай-күйін кешенді диагностикалау үшін қолдану мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Ол ақауларды автоматты түрде анықтап қана қоймай, олардың көлемін де дәл бағалауға мүмкіндік береді», делінген Көлік министрлігі таратқан хабарламада. 

Интернетсіз де ұшады: Болашақ офицерлер дронның көмегімен барлау жасайды

Соңғы жаңалықтар