Оқиға • Бүгін, 15:53

Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте 34 жастағы ер адам қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, жолда қауіпті әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп жазады Egemen.kz.

Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

Фото: видеодан алынған скрин

Жүргізуші қала көшелерінің қиылысында әдейі дрифт ұйымдастырып, күрт маневрлар жасаған. Полиция оның қарсы жолаққа шығып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын алға тартты.

Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды

Құқық бұзушының айтуынша, ол бұл әрекетін інісінің үйлену тойын атап өту мақсатында жасаған. Мұндай «тойлау» жол үстінде өзге қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірген. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде тәртіп бұзушы ұсталып, әкімшілік қамауға алынды.

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

Полиция азаматтарға қауіп төндіретін кез келген заңбұзушылықтар қатаң түрде тоқтатылып, кінәлілер заң аясында жауапқа тартылатынын ескертіп отыр. 

Соңғы жаңалықтар