Фото: видеодан алынған кадр
Оқиғаға қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, зауыт аумағында шаң сүзу цехындағы арнайы құрылғыда газ-ауа қоспасынан жарылыс болған. Салдарынан өрт тұтанып, ғимараттың бір бөлігі опырылған. Қазір оқиға орнында ТЖМ бөлімшелері жұмысқа кіріскен. Сондай-ақ зардап шеккендердің бар-жоғы анықталып жатыр.
Ақмола облысындағы сүт зауытында жарылыс болды: 2 жұмысшы зардап шекті
«Оперативтік штаб құрылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр», делінген министрлік таратқан хабарламада.