Спорт • Кеше

Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов жаңа әскери шен алды

1 мин
оқу үшін

Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа жаңа әскери шен берілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов жаңа әскери шен алды

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

28 жастағы спортшы аға лейтенант шеніне ие болды.

«Әскери-спорттық орталықтың спортшысы, олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосыновқа аға лейтенант шені берілді. Сәкенді кезекті әскери атағымен шын жүректен құттықтаймыз», делінген Орталық спорт клубының мәлімдемесінде.

Сәкен Бибосынов 2021 және 2025 жылғы әлем чемпионаттарында ел намысын қорғап, чемпион атанды. Сондай-ақ ол Токио Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған болатын. 

Еске сала кетейік, бұған дейін спортшы кәсіби рингте екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар