Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына әлі де әсерін сақтап, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Циклонның орталығы еліміздің солтүстік-батысында орналасады. Осыған байланысты мұнда найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Сондай-ақ дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
11-13 маусым күндері Қостанай және Ақтөбе облыстарында қатты жаңбыр жауады.
Алматы мен Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нөсерлетеді.
Күндіз еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +35…+40°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында +30…+37°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады.
Еліміздің қалған аумағында айтарлықтай өзгерістер болмайды. Ауа температурасы бірқалыпты.