31 Наурыз, 2015

Елшімен екіжақты әңгіме

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
К.Токаев-Польша елшиси Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Польшаның Қазақстандағы елшісі Яцек Ключковскиді қабылдады, ол жоғары деңгейдегі парламенттік алмасуларды үдетудің маңызы туралы айтты. Польша Сенатының Төрағасы (Маршалы) Б.Борусевичтің тілегі ескеріліп, оның биыл Қазақстанға ресми сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Польша елшісінің өтінішіне орай Сенат Төрағасы Қазақстандағы сайлау алдындағы жағдай, «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыру барысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы 20 жылдығын мерекелеу жайын таныстырды. Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» съезінде жария еткен бес институттық реформаның мазмұнына ерекше назар аударды. Ол, сондай-ақ, аймақтағы ахуал туралы өз ойларымен бөлісіп, Еуразиялық экономикалық одақ және Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметі туралы елшіні хабардар етті. Польша елшісі Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жоғары бағалады, оның пікірінше, қызметі көпұлтты Қазақстан халқының біртұтастығын нығайтуға бағытталған Ассамблея маңызды институтқа айналды. Мемлекет басшысы басқаратын Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімді жұмысы, мыңдаған поляк диаспорасының мүдделері ескерілгені көрініс тауып отырғаны атап өтілді. Я.Ключковскидің пікірінше, Қазақстанда жүргізіліп келе жатқан сындарлы ұлттық саясат әлемнің түрлі аймақтарындағы күрделі оқиғалардың аясында аса маңызды болып табылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.