31 Наурыз, 2015

Санжар Мәди суперкейіпкердің рөлін сомдайды

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
31-03-15-sanjarАЛМАТЫ. 31 наурыз. Қазақстандық актер Санжар Мәди «Қорғаушылар» кинофильмінің басты суперкейіпкерлерінің бірінің бейнесін сомдайды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Түсірілімі басталып та кеткен фильмнің режиссері Сарик Андреасян. Ол көреременге «Америкаша тонау» «Еркектер не бүлдірді?», «Қызмет романы. Қазіргі заман» атты фильмдерімен танымал. Суперкейіпкерлердің тобының бұрынғы Кеңес Одағының ұлттары ішінен іріктелуі тегін емес. «Қыриқабақ соғыс» дәуірін суреттейтін фантастикалық фильмнің басты кейіпкерінің бірі Санжар Мәди шығыс жекпе-жегінің шебері Ханның бейнесін сомдайды. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz.