31 Наурыз, 2015

Ақтөбеде имамдар семинары өтті

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
31-03-2015-imamdar 01АҚТӨБЕ. 31 наурыз. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен қолға алынған төрт бағыттың бір − оқу-ағарту жұмыстары екені белгілі. Осы бағытта Ақтөбе облысында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Таяуда облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің ұйытқы болуымен Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығының қызметкерлері Ризабек Ілімбаев, Жаслан Жүсіпбеков және Қайрат Құрманбаевты шақыртып, имамдар мен медресе шәкірттеріне үш күндік білімін жетілдіру семинарын ұйымдастырылды. Оған қала, аудан-ауылдардан барлығы 21 имам, 56 шәкірт қатысып, білімдерін жетілдірді. Шараның мақсаты – облыс көлеміндегі мешіт имамдарының білімдерін жетілдіру, қоғамдағы діни өзекті мәселелерді талқылау, пікір алмасу. Семинардан тыс ақшам намазынан кейін «Нұр-Ғасыр», «Нұрдаулет», Ақтөбе қалалық орталық мешіттері жамағатына Ризабек Ілімбаев пен Жаслан Жүсіпбеков түрлі тақырыптарда уағыз жүргізді. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: muftyat.kz.