31 Наурыз, 2015

Cолтүстік Қазақстанда басқарма басшысы тағайындалды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
КурманбековПЕТРОПАВЛ. 31 наурыз. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Нұрлан Құрманбеков мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Нұрлан Болатұлы 1986 жылы Ақтөбе қаласында туған. Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Қарағанды экономикалық университетін инженер, заң бакалавры мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолында 2001 жылы автомобиль жолдары комитеті құрылыс және қалпына келтіру басқармасында сарапшы, бас сарапшы қызметтерін атқарған. 2014 жылдан осы кезге дейін автомобиль жолдары комитеті құрылыс және қалпына келтіру басқармасының басшысы болған. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.