31 Наурыз, 2015

Астанаға әскери қуатты техникалар жеткізілді

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
31-03-15-paradАЛМАТЫ. 31 наурыз. Алматыдан эшелонға тиелген арнайы әскери техника Астанаға жеткізілді. Шынжыр табанды жауынгерлік техникалар мен автокөліктер еліміздің бас қаласында Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге қатыстырылады. Бұл туралы BNews.kz хабарлады. Сондай-ақ, техникамен бірге келген жауынгерлік құрам далалық лагерьге жайғасты. Әскери бас комендатураның коменданты полковник Қожабек Төреманов техникаларды тасымалдау мен орналастырудың кәсіби ерекшеліктеріне тоқталап келіп: «Астанаға барлығы 400 әскер техника мен 1000 жауынгер келіп түсті» деді. Іс-қимыл барысында жолаушылар пойызының жүріп-тұруына еш кедергі келтірілмеген. Мұндай ірі әскер тобының орын ауыстыру жауынгерлік жаттығу санатына жатқызылады. Негізгі шараға қатысты полковник Төреманов: «Қанша дегенмен Астанада үлкен мерейтой өткелі тұр. Сол себепті де, бұл шеруде соғыс кезінде халық жеңіс күнін тездеткен атақты «Катюшалар» мен Т-34 танкілеріні нақ өзін де көретін болады» деді. Соғыс жыларындағы әскери техникалар Семей қаласындағы арнайы зауытта қайта жөнделіп шыққан. Кеше түн жамыла Астанаға 300-ге жуық аэроұтқыр күштерінің жауынгерлері келді. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: BNews.kz.