22 Шілде, 2010

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

392 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
133 000 000 000 Облыстық статистика департаментінің деректері бойынша, 2010 жылдың өткен алты айында негізгі капиталға салынған инвестициялар осыншама теңге қаржы құрады Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,8 пай­ызға көп. Ал, негізгі капи­тал­ға салынған инвестицияның басым бө­лігі өнеркәсіп сала­сын­да игері­ліп отыр. Бұл инвес­тицияның жалпы көлемінің 73 пайызы. Бюджеттік қаржылар есебі­нен 18 млрд. теңге игерілді, бұл 2009 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,5 есе артық. Осын­ша­ма қаржы негізінен инже­нер­лік инфрақұры­лымның дамуы­на, әлеуметтік объектілер құры­лысына және ком­му­налдық жал­дау мен несие­лік тұрғын үйлерге жұмсалған. 10,3 млрд. теңге көлемінде шет­ел инвестициялары игерілді не­месе ол былтырғы осы кезең­мен са­лыстырғанда 14,6 пайызға артық. Сатыбалды СӘУІРБАЙ,  Ақтөбе облысы. 94 001 000 000 Батыс Қазақстан облысында биылғы жарты жылдықта инвестиция көлемі осыншама теңгеге жетті Осы деректі таратқан өңір­дегі статистика департаментінің талдауларына сүйенсек, инвес­ти­цияның негізгі бөлігі өнер­кә­сіп­ке бағытталғанын көреміз. Осылай болуының өзі де заң­дылықтай көрінеді. Өйткені, қай кезде де өнеркәсіп экономи­ка­ның қозғау­шы күші, басты ло­ко­мотиві болып қала бермек. Екіншіден, ол – ин­вестиция кұю­ға өте ыңғайлы сала. Бұл фак­тор да оның мөлшерінің басым болуына алғышарт қала­ған деп есептеуге болады. Бұдан кейінгі реттерде ин­вес­тиция көлік пен қоймаға ор­на­ластыру, денсаулық сақтау, жыл­жымайтын мүлік, білім беру мен сауда және ауыл шаруашы­лы­ғы са­лаларына тартылған. Бұ­ған дейінгі тәжірибе барысы көр­сет­кендей, инвестициялық түсімдер мен қаражаттардан рес­публика аудандары мен ауыл­да­ры тиісті үлес ала алмай келгені де рас. Темір ҚҰСАЙЫН, Батыс Қазақстан облысы. 400 000 000 Прокуратура қызметкерлері осынша мөлшердегі  еңбекақыны қарыз иелеріне қайтарды Облыстық прокуратура жыл басынан бері 13 мыңға жуық адамның еңбек құқығын қорғап, уақтылы төленбеген 400 мил­лион теңге жалақыны иелеріне қайтарды. 7 аудан еңбекақы жө­нін­дегі берешектерін толық өте­ді. Тайынша ауданындағы “Био­хим” АҚ көптен бері жұмыс­шы­лар­дың маңдайтер ақысын өтеу­ді кешеуілдетіп келсе, 15 мил­лион теңге жалақыны толық төлеп, есеп айырысты. Оның қа­та­рында “Транспортник”, “Пе­тро­павлэлектрмонтаж”, “Пе­тро­павл троллейбус паркі” секілді мекемелер бар. Өз міндеттеріне атүсті қараған 44 басшы әкім­ші­лік жауапкершілікке тартылды. Дегенмен, кей кәсіпорындар тарапынан еңбек заңын бұрма­лау­шылық тыйылар емес. “Одеж­да Эластик” ЖШС 7 мил­лион, Петропавл киім фаб­ри­касы 3 мил­лион теңге жалақыны әлі өте­меген. Қолданылған ша­раларға қарамастан, берешек қарыз 40 миллион теңге болып отыр. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.