Қайрат МӘМИ, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры.
Қазақстан Конституциясы – мемлекет пен қоғамның қызмет етуі үшін қажетті шарттарды анықтайтын негізгі нормалар мен институттар бекітілген еліміздің рәмізі және басты саяси-құқықтық құжаты.
Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық құрылысының өткен кезеңдері 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған біздің мемлекетіміздің Ата Заңы Қазақстанның қарқынды саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының сенімді құқықтық іргетасына айналғанын көрсетіп отыр.
Қазақстанның қоғамдық қатынастардың көптеген салаларында қол жеткізген жетістіктері егемен еліміздің қалыптасуы жолындағы қиындықтарды еңсеруге ғана емес, сонымен қатар оның халықаралық-құқықтық беделін айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысының халықаралық деңгейдегі саяси бастамаларының тиімді жүзеге асырылуы, сондай-ақ Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі біздің мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтағы жоғары беделінің салмақты дәлелдерінің бірі болып отыр.
Ата Заңның қағидаларын іске асыруда мемлекет атынан заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау жүргізетін прокуратура органдарына ерекше рөл берілген. Мұндай жағдайда Қазақстан прокуратурасы құқықтық қатынастың әртүрлі субъектілерінің құқықтарын қорғауды жүзеге асырып, сондай-ақ осы бағыттағы құқық қорғау органдарының іс-әрекетін үйлестіре отырып, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдауда. Сонымен қатар адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау прокурорлық қадағалаудың басым бағыты болды және осылай болып қала береді.
Конституция рөлінің және маңызының нығаюы – құқықтық дамудың заңды беталысы. Мемлекетті қалыптастыру мен нығайту ісіне өзіміздің үлесімізді қоса отырып, Конституцияның әлеуетін, мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмысты жүйелі және мақсатты түрде жалғастыру қажет.
Осы айтулы күні қазақстандықтарды Ата Заңымыздың мерейтойымен құттықтаймын және барлығына зор денсаулық, мол бақыт, амандық тілеймін.
Отанымыз Қазақстан өркендеп, гүлдене берсін!

Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Кеше
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Кеше