Астана қаласындағы Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына орай ҚР Бас Прокурорының кубогына арналған прокуратура органдары командалары арасында мини-футбол бойынша қорытынды ойындар болып өтті.
Чемпионат республиканың бес өңірінде шілде айының соңында басталды, алдын-ала өткізілген матчтар Астана, Тараз, Көкшетау, Ақтөбе және Өскемен қалаларында болды. Қорытынды матчқа өңірлік топтардың жеңімпаздары – Бас прокуратура, Бас әскери прокуратура, Алматы қаласы және Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Алматы облыстары прокуратураларының командалары қатысты.
Чемпионаттың салтанатты жабылу рәсімінде Бас Прокурор жеңімпаз атанған Бас прокуратураның командасына кубок табыс етті.
Екінші орынды Қарағанды облысының командасы иеленсе, үшінші орынға Алматы қаласының прокуратурасы шықты.
Шеберліктерімен көзге түскендердің арасында “Үздік шабуылшы” номинациясын Жамбыл облысының Қордай ауданы прокуратурасынан келген Жанат Сейдалиев иеленді, ал Атырау облысы командасының ойыншысы Ержан Ералиев үздік қорғаушы деп танылса, Қарағанды облысы прокуратурасының басқарма бастығы Камал Абеуп үздік қақпашы атанды.
Спортшыларды құттықтаған Бас Прокурор Елбасының саламатты өмір салтын насихаттау жөніндегі бастамасы прокуратура органдарында белсенді қолдау тауып отырғанын атап өтті және келешекте осы игі дәстүрдің жалғасын табуына тілектестігін білдірді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Кеше