31 тамызда ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады еліміз Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қ.Саудабаев БҰҰ басшысының Қазақстан мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларына, оның ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау туралы қарар қабылдағанына берік қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Пан Ги Мунның өткен аптада Астанада “Семей: оңалтудан дамуға” деген тақырыпта өткен конференцияға қатысушыларға жолдау жолдағаны белгілі. Онда БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанның ядролық қарусыздануға қосқан үлесін жоғары бағалаған болатын.
Қанат Саудабаев пен Пан Ги Мун үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде Нью-Йоркте Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне арналған БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы мәжілісін өткізу халықаралық қоғамдастықты ядролық қарусыз әлем құру қажеттігіне шақыруда маңызды қадам болатынын атап көрсетті. Мұндай қадамның ұтымдылығын Қазақстан өзінің үлгісімен дәлелдеген еді.
Одан әрі сұхбаттастар Қырғызстандағы ахуалды талқылады. Олар аталған елде тұрақтылықты қамтамасыз етіп, дамыту үшін әлемдік қоғамдастықтың одан әрі күш-жігер жұмсауы қажеттігіне назар аударды. Бұған алдағы парламент сайлауы маңызды фактор бола алар еді.
Тараптар ЕҚЫҰ мен БҰҰ-ның одан әрі тығыз үйлесімді қызметін күшейтуге, Қырғызстанға арнаулы өкілдер – Қазақстан Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Жәнібек Кәрібжанов пен БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Алдын алу дипломатиясы орталығының басшысы Мирослав Енчаны жіберуге уағдаласты.
• 01 Қыркүйек, 2010
ЕҚЫҰ-БҰҰ: қауіпсіздік жолындағы өзара іс-қимыл

Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Кеше