Біршама жылдан бері қазақстандық Астана.kz КТК командасы, қазіргі тілмен айтқанда, брэндтік деңгейге көтерілді. Бүгінгі күні олардың аты тек Қазақстанда емес, шетелдерге де кеңінен танымал. Ағымдағы жылдың шілде айында Юрмалада өткен “Голосящий КиВиН 2010” халықарлық КТК музыкалық фестивалінде Қазақстанның “Астана.kz” ұлттық құрама командасы “Большой КиВиН в Светлом” жүлдесіне ие болды. Бұл – ТМД мемлекеттері арасындағы кез келген “көңілді тапқыш” қол жеткізуді қалайтын ең басты әрі бағалы орындардың бірі.
31 тамызда “Нұр Отан” ХДП Орталық аппаратында “Астана.kz” ұлттық құрама командасы мүшелерімен кездесу барысында “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин: “Бұл тек сіздердің ғана емес, бүкіл Қазақстанымыздың жеңісі деп білеміз. Себебі, сіздер әлем алдында тағы бір рет мемлекетіміздің мәртебесін, абыройын көтеріп қайттыңыздар. Сондықтан, Елбасымыз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, сіздер еліміздің дүние жүзі алдында білімді, дарынды жастарымен де ерекше болатынын көрсеттіңіздер.
Бұл Президентіміздің өнерді, сол салада жүрген азаматтарды әрқашан қолдап, қамқорлық көрсетіп, үлкен сенім артып жүргенінің нәтижесі деп білеміз”, – деді.
“Астана.kz” құрама командасының жетекшісі, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақыт Сыздықова аталған өнер тобына деген “Нұр Отан” партиясының қамқорлығына ризашылығын білдіре келіп, олардың әлі талай шыңды бағындыратынына сенім білдірді. Команда капитаны Максим Разумковтың айтуынша, бағдарламалары өте тығыз, соның бірі қыркүйек айының 11-і күні Украинаның Киев қаласында өнер көрсетеді.
“Егемен-ақпарат”.

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Олимпиада • Бүгін, 03:06
Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше