Кеше Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері арасындағы Кеден одағы комиссиясының кезекті мәжілісі болып өтті. Ол Астана, Мәскеу, Минск арасындағы телекөпір түрінде онлайн режімінде өтті.
Қазақстан жағынан Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев, Ресей жағынан Үкімет басшысының орынбасары Игорь Шувалов, Беларусь жағынан Премьер-министрдің орынбасары Андрей Кобяков мүшелері болып табылатын Кеден одағының комиссиясы бұл жолы да осы елдердің кеден тарифтерін біріздендіруге қатысты бірқатар мәселелер қарады. Соның біріншісі темір жол тарифтеріне арналды. Онда осы мәселеге қатысты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің орынбасары Азат Бектұровтың үш ел арасындағы аталған мәселеге байланысты құрылған жұмыс тобында атқарылған шаруалар туралы хабарламасы тыңдалды. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова, Көлік және коммуникация министрі Әділғазы Құсайынов және басқа да жауапты адамдар мәжіліске қатысып, ондағы пікірталастарға араласып отырды.
Біздің байқауымызша, әзірге үш елдің темір жол қызметі тарифтерінде айырмашылықтар бар. Оларды біріздендіру оңай емес. Өйткені әр елдің аталған мәселеге байланысты өз мүддесі бар. Комиссияның әр мүшесі сол мүддені қорғау үшін бір-біріне оңайлықпен жол бере қоймайды. Комиссия мәжілісі барысынан осы жағдай аңғарылды. Оның үстіне темір жол тарифтерінің өзі әр елде ішкі тариф, импорттық және экспорттық тариф, транзиттік тариф секілді бірнеше түрге бөлінеді екен. Осылардың әрқайсысының өзі Кеден комиссиясынан үлкен талқылауларды күтетіндей.
Дегенмен бұл салада да бірқатар шаруалардың атқарылғандығы көрініп тұрды. Комиссия мүшелері бұл мәселені кезең-кезеңімен шешіп, 2012 жылы оны негізінен белгілеп іске қосу жайында уағдаласқандай болды.
Комиссия мәжілісі аяқталғаннан кейін Өмірзақ Шөкеев аталған мәселеге байланысты қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне түсініктеме жасап, олардың қойған бірқатар сұрақтарына жауап берді.
– Үстіміздегі жылдың шілдесінен бастап Кеден одағы толыққанды жұмыс істеуге кірісті. Енді біздің алдымыздағы міндет оның келесі сатысы – бірыңғай экономикалық кеңістікті құру болып табылады. Ол үшін 20 келісім-шартты талқылап, бір ортақ келісімге келуіміз қажет. Комиссия қазір осы бағытта жұмыс істеп келеді. Соның біреуін талқылау үдерісіне сіздер куә болдыңыздар, – деді Өмірзақ Шөкеев.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының айтуы бойынша, Кеден одағы комиссиясында қаралып жатқан мәселелердің арасында 4 мәселе Қазақстан үшін маңызды болып табылады екен. Олар – темір жол қызметі, электр қуатын тасымалдау және мұнай мен газ құбырларын пайдалану мәселелері.
Қазір Ресей темір жолы, жоғарыда айтып кеткеніміздей, тарифтің бірнеше түрін қолданады. Соның ішінде елдің өз кәсіпорындары үшін берілетін жеңілдіктер де баршылық. Міне, осы мәселе қазақстандық кәсіпорындардың тауарларын Ресей темір жолы арқылы өткізген кезде олардың бәсекелестік қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғып отыр. Осыны реттеу біздің экономикамызға үлкен жеңілдіктер беретіндіктен Қазақстан тарабы аталған мәселенің шешілуіне барынша мүдделілік танытуда.
Кеден одағы аясында әр елдің көксеген өзіндік мақсаттары бар екен. Мәселен, Беларусь тарабы газ жөніндегі жеңілдіктерге ие болғысы келсе, Ресей жағы үш елдің мұнай және газ құбырлары қолжетімді болуын қалайды. Ал Қазақстан үшін Ресей мен Беларусьтің көлік инфрақұрылымдарында біздің ыңғайымызда тиімді тариф саясатының болуы маңызды болып табылады. Өйткені бұл мәселе Қазақстан экспортын дамытудың үлкен мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан Кеден одағы комиссиясының осы мәжілісінде қаралған темір жол қызметінің тарифтеріне қатысты мәселе Қазақстанның осы одаққа қатысты көкейкесті мұраттарын қозғайтын мәселелердің бірі екен.
Кеден одағы толыққанды жұмысқа кіріскеніне де үш айдан астам уақыт болды. Осыған қатысты біздің еліміздің ішкі рыногында аздаған өзгерістердің бар екендігі сезіледі. Өйткені сауда дүкендері Ресейден келіп жатқан бірқатар азық-түлік өнімдерімен толыға бастағандығын халық айтып жүр. Қазіргі жағдайға қандай бір талдау жасауға бола ма? Осы мерзім аралығында ішкі рыноктың жағдайына мониторинг жасалынып отыр ма?
“Егемен Қазақстан” газеті тілшісінің осындай сұрағына жауап берген Өмірзақ Шөкеев ішкі рынокқа мониторинг жүргізіліп, тиісті талдаулардың жасалынып жатқандығын, осы бойынша алғанда “Қазақстанның тауар рыногындағы жағдай нашарлап кетеді” деген бастапқы кездегі байбаламның орынсыз болып шыққандығын атап көрсетті.
Сұңғат ӘЛІПБАЙ.
• 12 Қазан, 2010
Ендігі мақсат – бірыңғай экономикалық кеңістік құру

Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Қоғам • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент • Бүгін, 13:13
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді
Референдум • Бүгін, 13:03
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 13:01
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
Сталкинг: Қызылордада бойжеткенді аңдыған азамат 25 тәулікке қамалды
Аймақтар • Бүгін, 12:47
Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:34
Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды: Қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:17
ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды
Университет • Бүгін, 12:09
Шайдоров әлемдік БАҚ назарында
Олимпиада • Бүгін, 12:06
АҚШ елшісі: Дипломаттардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артып келеді
Саясат • Бүгін, 11:56
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: Зардап шеккендер бар
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:47
Президент тапсырмасы: 4 жас ғалым баспаналы болды
Ғылым • Бүгін, 11:45
Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған 15 азамат қайтадан жол ережесін бұзды
Аймақтар • Бүгін, 11:40
Катонқарағай паркіне қуатты өрт сөндіру техникалары жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 11:36