Жаһандық саяси ахуалдың жаңа көрініспен дамуы, халықаралық стратегиялық бағыттардың нақты айқындалуы – осының бәрі әлемдік қатынастарды бейбіт келісім негізінде жандандыруға өзіндік үлес қосуы тиіс. Халықаралық қатынас – бұл тек мемлекеттер арасындағы барыс-келістерді айқындайтын үдеріс емес. Ол сондай-ақ әр елдің болашақ даму бағытына, мемлекет әлеуетіне, халықтардың ауызбіршілігіне ықпал ететін елеулі факторлардың бірі. Сол себепті халықаралық қатынастар заңдылықтарымен етене таныс болу, еліміздің әлемдік саяси менеджментіндегі өз орнын айқындап, оң ықпалын арттыру үшін нендей ерекшеліктерді ескеру керек? Мұндай сұрақтарға жауап еліміздің отандық оқулықтарында қаншалықты көрініс тауып отыр? Бұл сауалдарға Сайлау Батыршаұлының “Дипломатиялық қызмет және халықаралық қатынастар” атты қазақ тілінде шыққан кітабынан толыққанды жауап ала аласыз. Бір ескерте кететін нәрсе, бұл кітап қазақ тіліндегі Қазақстанның дипломатиялық қызметіне арналған алғашқы оқулық болып табылады. Аталған кітаптың тұсаукесері елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде салтанатты түрде өткізілді. Кітап авторы – баршамызға белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, шығыстанушы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Төтенше және өкілетті уәкіл дәрежесінің иегері, Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қайраткері, Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі Сайлау Батыршаұлы. Оқулық авторы дипломатияның пайда болу тарихынан бастап, Кеңес Одағы және Социалистік елдер дипломатиясының тәжірибесі, халықаралық құқық мәселелерінің қалыптасып, дамуы, көпжақы дипломатия, мемлекеттік хаттама, экономикалық және парламенттік дипломатия, Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты деген сияқты халықаралық қатынастар саласындағы маңызды тақырыптарды оқулықтың негізгі түйініне айналдырған. Оқулықтың алғысөзін жазған Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өз пікірінде: “Автор халықаралық құқықтың негізін құрайтын басты құжаттарға, маңызды дереккөздеріне, сондай-ақ өмірлік нақты мысалдарға сүйене отырып, “дипломатия” ұғымын жан-жақты түсіндіруді, дипломатиялық қызметтің және халықаралық қатынастардың қыр-сырын ашуды мақсат еткен. Оқулықтың маңызды бөлігін Қазақ хандығының дипломатиясына қатысты ізденістер мен көзқарастар құрайды” деп оқулық жайында жылы лебіздер білдірген. Оқулықтың тұсаукесер рәсімі барысында автор бұл оқулықтың жарыққа шығуына көмектескен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Әбдірайымға алғысын айтты. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.
Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Қоғам • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент • Бүгін, 13:13
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді
Референдум • Бүгін, 13:03
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 13:01
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
Сталкинг: Қызылордада бойжеткенді аңдыған азамат 25 тәулікке қамалды
Аймақтар • Бүгін, 12:47
Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:34
Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды: Қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:17
ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды
Университет • Бүгін, 12:09
Шайдоров әлемдік БАҚ назарында
Олимпиада • Бүгін, 12:06
АҚШ елшісі: Дипломаттардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артып келеді
Саясат • Бүгін, 11:56
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: Зардап шеккендер бар
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:47
Президент тапсырмасы: 4 жас ғалым баспаналы болды
Ғылым • Бүгін, 11:45
Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған 15 азамат қайтадан жол ережесін бұзды
Аймақтар • Бүгін, 11:40
Катонқарағай паркіне қуатты өрт сөндіру техникалары жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 11:36