Сейсенбі күні Шығыс Қазақстан облысына “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин келді. Партия жетекшісін әуежайда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қарсы алған соң, ол “Нұр Отан” ХДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ІХ коференциясы жұмысына қатысты.
Конференциядан соң Н.Нығматулин бастаған меймандар “Казцинк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне атбасын бұрды. Бұл жерде алғашқы таныстық “Жаңа металлургия” жобасынан басталды. Биыл аталмыш кәсіпорын екі зауытты іске қоспақ. Балқыту цехы іске қосылғаннан кейін жылына 70 мың тонна катодты мыс шығарылатын болады. Келген қонақтар мыс балқыту зауытының металлургтерімен пікір алмасты.
– Қазақстан бүгінде бүкіл әлемге танылып отыр. Елбасының сарабдал саясаты нәтижесінде ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудеміз. Желтоқсанда өтетін Астанадағы Саммитке Ұйымға мүше барлық елдерден мемлекет басшыларын қоса алғанда, жоғары лауазымды адамдар келеді деп күтілуде. Ал сіздердің жұмыстарыңызға келсек, металлург мамандығы маған жақсы таныс. “Казцинктің” атақ-даңқы да қазір дүние жүзіне белгілі. Елбасы жақындағы сапары кезінде сіздер салған алты теннис корты мен 280 орындық балабақшаны аралап көрді, ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта да биік белестерге жете беріңіздер, – деді “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары.
Облыс әкімі Кенді Алтайдағы өркенді өзгерістер жайлы айтып берді. “Су тасқынынан 23 елді мекенде 600-ге тарта тұрғын үйдің, мектептер мен жолдардың істен шыққанын білесіздер. “Казцинк” басшылары қаржы жағынан демеп жіберді, әлеуметтік ғимараттарды салып беруде. Су апаты толығымен жойылды, енді бірер күнде зардап шеккендердің барлығы жаңа үйлерге қоныстанатын болады”, деді өңір басшысы.
Кеше меймандар “Азия-авто” көлік зауытында да болып, жаңадан құрастырылып жатқан темір тұлпарларды көрді. “Азия-авто” зауыты президентінің бірінші орынбасары Е.Сағымбаев қазір көліктердің еліміздің барлық облыстарына сатылып жатқанын айтып өтті. Көлік жасаушылармен пікір алмасқан партия Төрағасының бірінші орынбасары олардың жұмысына көңілі толатынын жеткізді.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
Өскемен.
----------------------------------
Суретте: “Казцинк” металлургтерімен кездесу кезінде.

Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 20:23
Кей мамандықтар бойынша докторантураға түсу талабы өзгерді
Ғылым • Бүгін, 19:58
Елде фермерлерге арналған тікелей сатып алу бағдарламасы басталды
Шаруашылық • Бүгін, 19:35
Атырау облысында 4 күннен бері із-түзсіз жоғалған азаматтың денесі табылды
Қоғам • Бүгін, 19:17
Көлік министрлігі қысқы әуе рейстерінің неліктен жиі кешігетінін түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 18:56
«Әскер тарланы»: үздік әскери қызметшілер марапатталды
Қоғам • Бүгін, 18:42
Қоғам • Бүгін, 18:17
Ел тұрғындарының орташа айлығы 120 мың теңгеден аспайды
Экономика • Бүгін, 17:59
Мемлекеттік мекеме басшыларына кәсіпкерлікпен айналысуға бола ма?
Оқиға • Бүгін, 17:57
«Аватар. От пен күл» фильмі қазақ тілінде көрсетіледі
Кино • Бүгін, 17:51
187 сирек құжат: тарихымыздың қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 17:40
Еуроодақ Украинаға 90 млрд еуро аударады
Саясат • Бүгін, 17:35
2025 жылы ел өмірінде қандай өзгерістер болды?
Қоғам • Бүгін, 17:30
Жоғары білімді адамдардың көбеюі ұлттық жинақ деңгейін төмендете ме?
Экономика • Бүгін, 17:25