Сейсенбінің түнінде Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Германия командасымен “Астана-арена” стадионында кездескен Қазақстан құрамасы 0:3 есебімен күйрей жеңілді. Осымен аталмыш турнирдің биылғы жылғы кестесінде белгіленген төрт ойынын түгел өткізген футболшыларымыз олардың барлығын жеңіліспен бітірді.
Сонымен, он ойында бір гол да соға алмай, өз қақпамыздан 10 доп өткізіп, турнир кестесінің ең кейінгі орнында қалдық. Ал келер жылы өзімізде екі ойын ғана өткіземіз. Австриямен және Әзірбайжанмен.
Қазақстан құрамымен өткізген матчта Германияның бас жаттықтырушысы Йоахим Лев өзінің сүйікті 4+4+2 схемасын қолданды. Бұл жүйені әлемнің соңғы чемпионы Испанияның да пайдаланатыны белгілі. Бірақ немістер түзілімінің испандар құрған тап осы тәсіл тәртібінен елеулі ерекшелігі бар. Бұл тәсілге сәйкес, немістер алаңның ортасында таза тіректі екі жартылай қорғаушы ұстайды да, соның әсерінен шабуылы аса қауырт көріне қоймайды. Алайда, бұл алдыңғы шептегі қалған төрт ойыншының ғана шабуылға шығуын қамтамасыз етпейді. Мұның есесіне қапталдағы қорғаушылар сәл қолайлы мүмкіндік туған сәтте бүкіл алаңды көктей өтіп, атойлап алға тартады да, шын мәнінде схемада көрсетілмеген екі шеткі шептегі шабуылшының міндеттерін атқарып кетіп тұрады. Бұл екеуінің қаупі сонда алаң ортасындағы жартылай қорғаушы әрекетінен де өткір шығады. “Неміс мәшинесі” кешегі өткен кездесуде осы әдісті әредік пайдаланып отырды. Соның әсерінен біз Филипп Ламды да, Бастиан Швайнштайгерді де, Томас Мюллерді де, Месут Өзилді де шабуылдың ширыққан шебінен жиі көріп отырдық.
Жалпы, іріктеу турнирі шеңберінде өткен төрт матч бойынша біраз ойларды жинақтауға болады. Оларға жасалған талдау құраманың келесі жылғы ойындарына оң өзгерістер жасай алып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.
Серік ПІРНАЗАР.
________________
Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.

«Ордабасы» футбол клубы жеке меншікке сатылды
Футбол • Бүгін, 14:35
Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Орал қаласында жаңа мешіт ашылды
Аймақтар • Бүгін, 14:07
Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Қоғам • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент • Бүгін, 13:13
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді
Референдум • Бүгін, 13:03
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 13:01
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
Сталкинг: Қызылордада бойжеткенді аңдыған азамат 25 тәулікке қамалды
Аймақтар • Бүгін, 12:47
Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:34
Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды: Қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:17
ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды
Университет • Бүгін, 12:09
Шайдоров әлемдік БАҚ назарында
Олимпиада • Бүгін, 12:06
АҚШ елшісі: Дипломаттардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артып келеді
Саясат • Бүгін, 11:56