“Есіл су” мемлекеттік кәсіпорны – облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін бірден-бір мекеме. Алайда, оның атына айтылатын арыз-шағымдар көбеймесе, азаяр емес. Онсыз да шаруасы шатқаяқтап тұрған кәсіпорынның одан кейінгі тірлігінің де оңалып кеткені шамалы. Олқылықтардың қайталана беруінің басты себебі—басшының тұрақтамауы. Басшылық жиі ауысқан жерде бақылау мен тәртіптің босаңситыны, оның ақыры түрлі келеңсіз көріністерге соқтыратыны түсінікті жәйт. Қызмет бабын асыра пайдаланып, бопсалауға да апаратынын төмендегі оқиға растайды.
2009 жылы жазда құқық қорғау органдарына Аққайың ауданына қарасты Полтавка ауылы маңында жасалған қылмыстық әрекет жөнінде дабыл түседі. Тергеу амалдарының нәтижесінде оған “Көкшеөндірісқұрылыс” ЖШС-нің тікелей қатыстылығы анықталады. Оңай олжаға кенелуді ойлаған мекеме басшысының жер астына төселген магистралдық су құбырларын қазып алғаны әшкереленеді. Прокуратура істі сотқа жолдайды. Жауапкер болса бейбіт келісімге келудің жолдарын іздеп жанталасады. Бар айыбын мойындап “Есіл су” кәсіпорнына хат жазады. Шығынның орнын толтыруды өз мойнына алады. “Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш” деген. Комиссия мүшелері “жаздым-жаңылдым” деп шырылдап отырған жанның обалына қалуды жөн санамайды. Аққайың аудандық сотына қылмыстық істі тоқтату жөнінде өтініш айтып, ымыра хат жіберуге пәтуаласады. Мекеменің заңгер-кеңесшісі Е. Әлиясов комиссия шешіміне қосылғанымен, ішкі есебін бүгіп қалады. Логистика бөлімінің жетекші маманы А. Молдашевқа жолығып, арам ойын сыр қылып бөліседі. “Қашқалы тұрған қоянға тәйт десең зыта жөнеледі” демекші, анау қуана келіседі. Сол кездері “Есіл су” мекемесі директорының міндетін атқарып жүрген М. Жантілеуовтің абырой-беделін сырттай пайдаланып, 3 мың долларды сол сұратып жатыр дегенді желеу етеді. Мұрат Қошанұлы олардың құрған торынан хабарсыз болады. Екеуі бопсалаудың небір қитұрқы әрекеттеріне барады. Ең соңында мәміле хатты сотқа бермейміз деп қорқытып-үркітуге көшеді. Айыпты басшы алаяқтардың өктем қимылдарынан қаймығып, сұраған параны беруге келіседі.
Екі тарап бейбіт ымыраға келген соң бопсалаушылар оның қыр соңынан қалмайды. “Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. Хатты кері қайырып аламыз” деген қоқан-лоққыға дейін барады. Оның облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментке (қаржы полициясы) арызданудан басқа шарасы қалмайды. Е.Әлиясов пен А. Молдашев бұлтартпас айғақтармен қолға түседі.
Петропавл қалалық соты өзгенің атын жамылып, омақаса асқан екеуін айыпты деп тауып, 7 жылға бас бостандықтарынан айыруға үкім шығарды. Облыстық соттың үкімімен олардың жазалары 3 жылға дейін шегерілді.
Өмір ЕСҚАЛИ.
Солтүстік Қазақстан облысы.

Ольга Рыпакованың жүлдесі: Жеңіс тұғырына кімдер көтерілді?
Спорт • Бүгін, 15:32
Биыл тозығы жеткен 17 мың км электр желісі жаңартылады
Энергетика • Бүгін, 15:22
40 жыл құжатсыз жүрген жамбылдық тұрғын Қазақстан азаматтығын алды
Аймақтар • Бүгін, 15:15
Неге өнер бәріне бірдей әсер етпейді?
Өнер • Бүгін, 15:01
Ең ұзын сырмақ: Алматылық жоба Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін
Алматы • Бүгін, 14:55
ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексерісті бастады
Қоғам • Бүгін, 14:48
«Ордабасы» футбол клубы жеке меншікке сатылды
Футбол • Бүгін, 14:35
Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Орал қаласында жаңа мешіт ашылды
Аймақтар • Бүгін, 14:07
Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Қоғам • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент • Бүгін, 13:13
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді
Референдум • Бүгін, 13:03
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 13:01
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59