Тіршілікке қажеттіліктер қатарын санасаң, жаңыласың. Десек те, қалыпты өмір сүру үшін баспана мәселесінің шешімін тапқанына не жетсін. Өңірде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты қолға алынған жұмыс барысында жыл сайын тұрмысқа қажеттіліктермен жабдықталған пәтерлерді иеленгендер қатары көбейіп келеді.
Ал, жер жәннаты Жетісуға келіп, тұрақтағандардың өскендігінен кезектегілер де көп. Сондықтан баспанаға деген сұранысты қанағаттандыру бағытындағы жұмыс жалғасқанын күні кеше Талдықорған қаласындағы жаңа шағын ауданда салынған екі 40 және 20 пәтерлі көп қабатты несиелік үйден пәтер алғандар дәлелдеп, олардың қуанышында шек болмады.
Аталған көп қабатты үйлерді “Гәкку құрылыс” серіктестігі салды. Қаратал өзенінің жағалауындағы 40 пәтерлі үйдің жалпы аумағы 3186 шаршы метр болса, мұнда 10 бір бөлмелі, 20 екі бөлмелі және 10 үш бөлмелі пәтерлерге барлығы 186 млн. 967 мың теңге жұмсалса, оған іргелес 20 пәтерлі үйде 5 бір бөлмелі, 10 екі бөлмелі және 5 үш бөлмелі пәтер құрылысына 93 млн. 994 мың теңге қаражат игерілген. Несиелік үйлерден пәтерлі болғандар негізінен мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері мен әскери қызметшілер болып шықты. Сол сияқты әлеуметтік жағынан жеткіліксіз қамтылғандар мен жас отбасылары да пәтер кілттерін алды.
Облыс әкімі Серік Үмбетов пен қала басшысы Сәкен Жылқайдаров іргелі жұмыстардың Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен қолға алынғанын атап өтті.
– Халықта “Туы бірдің – түбі бар, Жолы бірдің – жүгі бір” деген кімге де болсын өнеге, ұстаным болатын ұғым бар. Осылайша бірлікті ту етіп көтергендіктен қандай қиындықты болмасын жеңіп келеміз. Оған кешегі Қызылағаштағы жағдай дәлел. Бүгін көптен күткен игіліктеріне қол жеткізгендерді қуаныштарымен құттықтаймын. Алдағы уақытта да Елбасының алға қойған тапсырмаларын орындап, құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Жыл аяғында тағы бірнеше үй тұрғындар игілігіне берілетінін де еске саламын. Шаңырақтарыңызға бақ-береке орнасын, деді Серік Әбікенұлы.
Бұдан кейін жаңа пәтерлердің кілттері салтанатты түрде тапсырылды. Өздерінің жүрекжарды алғыстары мен тілектерін жеткізгендер Талдықорғандай әсем қаланың көркі мен тазалығын сақтап, осындай салтанатты қалпында ұстайтындарын жеткізді.
Пәтер кілтін алғандар қатарындағы жас нәрестесін жетектеген жанмен пікірлестік.
– Жұбайым Сағат екеуміз де бюджеттік салада еңбек етеміз. Кезегіміз келіп, бүгін жаңа үйге кірдік. Бұрын пәтер жалдап, қиналдық. Сол қиындық бір күнгідей болмады. Елбасына, облыс басшысына алғыс айтамын. Жастарға деген қамқорлықты сезініп келеміз. Жұмысымыз бар, енді үйлі болдық. Тек егемен елдің ертеңіне еңбек етіп, балаларымызды да жақсылыққа тәрбиелейміз, – деді Мәдина Құралбаева.
Күмісжан БАЙЖАН.
Алматы облысы.
----------------------------------
Суретте: пәтер кілтін салтанатты түрде тапсыру сәтінен.

Жапонияның Ұлттық күніне орай Астанада жапон салты орындалды
Мереке • Бүгін, 17:34
Президент UAE SWAT Challenge-2026 жарысының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 17:31
Әуе билетіндегі қате жазылған деректер қандай жағдайда тегін түзетіледі?
Қоғам • Бүгін, 17:21
Ақтөбе облысында жолды күтіп-ұстамаған 66 шенеунік жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:06
Жұмыс орындары, технологиялар, инвестициялар: ТШО-ның жергілікті өндірісті дамытудағы рөлі
Экономика • Бүгін, 16:52
Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалы құрылды: 1 000 іс-шара өткізіледі
Елорда • Бүгін, 16:44
Ғалымдар диабет және жүрек ауруларының алдын алатын өнім әзірлеп жатыр
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматыда ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Қоғам • Бүгін, 16:33
Елордада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,4 трлн теңгеден асты
Экономика • Бүгін, 16:30
Шымкентте тасқын қаупі сейілді ме?
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:15
Қысқы Олимпиада: Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша ширек финалға өтті
Қысқы спорт • Бүгін, 16:03
Қазақстанда бірыңғай медиа-платформа құрылады
Қоғам • Бүгін, 15:51
Шымкентте креативті индустриядан түскен салық көлемі 500 млн теңгеге артты
Аймақтар • Бүгін, 15:47
Ұландықтар самбодан ел чемпионатында 10 медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:43