“Егемен Қазақстанның” апталық қосымшасы

Өңірлер бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индекстері пайызбен
2010 ж. 2010 ж. қазан 2009 ж. 2010 ж. қаңтар- 2010 ж. қыркүйекке қазанға қазан қыркүйекке 2009 ж. қаңтар- 1.Ақмола 125,3 96,1 161,0 128,9 2.Алматы қаласы 125,0 114,9 156,4 128,1 3.Павлодар 124,7 111,8 78,1 120,0 4.Оңтүстік Қазақстан 118,7 76,0 104,1 117,2 5-6.Жамбыл 118,5 99,9 141,0 120,8 5-6.Қостанай 118,5 100,1 108,5 117,5 7.Атырау 115,8 106,9 101,2 114,3 9.Алматы 112,1 113,2 118,6 112,8 10.Шығыс Қазақстан 110,6 97,5 100,0 109,5 11.Қарағанды 106,6 104,0 106,3 106,6 12.Астана қаласы 105,3 120,8 139,0 108,7 13-14.Маңғыстау 102,0 99,7 102,4 102,0 13-14.Қызылорда 102,0 97,6 92,1 101,0 15.Солтүстік Қазақстан 99,1 112,4 101,6 99,4 16.Батыс Қазақстан 97,1 198,6 97,3 97,1 Орта буын саналатын келесі толқынның басын Оңтүстік Қазақстан облысы өзінің мұнай өңдеу, ядролық материалдар, трансформаторлар, цемент, ұн шығару арқылы қол жеткізген 117,2 пайыздық көрсеткішімен бастап, алтыншы орынға табан тіреп тұр. Ал жетінші орын Еуразияның кіндігіндегі Атырау облысының еншісіне тиеді. Жайық жағасындағы жұрттың өнеркәсіптегі басты табысы мұнай және мұнай өңдеу өнімдерінен құралып, ол салыстырмалы кезеңде 114,3 пайыздық деңгейді бағындырды. Сегізінші орындағы Алматы облысында бұл көрсеткіш 112,8 пайыздан қайырылады. Жетісудың аясында шырындар, алкогольсіз сусындар, сыра, ғанышкартон, бетоннан жасалған құрылыстық құрылғылар, аккумуляторлар, электр энергиясының өндірісі өскен. Тоғызыншы орындағы Ақтөбе облысының жеткен жетістігі бұдан сәл қалық, мұнда 111,8 пайыздық мөлшермен мұнай, хром, мыс кендері мен құймалары, феррохром, хром ангидриды, хром тотығы мен натрий бихроматы секілді кендерді өндіру артқан. Келесі оныншы орын 109,5 пайыздық өндірістік өсімі бар Шығыс Қазақстан облысына бұйырады. Алтай мен Ертісті ен жайлаған аймақта нақты көлем индексі 109,5 пайызды құрады. Онда тас көмір, тазартылған алтын, қорғасын, күнбағыс майы, цемент, тракторлар, жеңіл автомобильдер өндірісі жоғары болды. Орта буындағы топты Астана қаласының өндіріс орындары тиянақтайды. Елордада осы уақыттарда сүт, нан, кондитерлік бұйымдар, пластмассадан жасалған құбырлар, түтіктер, есіктер мен терезелер, преформалар, жылу энергиясын шығару орта есеппен 108,7 пайыздық өсімді көрсетті. Ендігі кезекте көш соңындағы бестікке келеміз. Оның басында көмірлі Қарағанды облысы өндірісшілері тұр. Осылай он бірінші орынға жайғасқан өлкеде тас көмір, мыс кендері мен құймалары, тазартылған мыс, мырыштандырылған илек, ақ қаңылтыр, мыстан жасалған сым, жылу энергиясының өндірісі жоғары болып, орташа 106,6 пайыздық өсімді қамтамасыз етті. Бұл жолы мұнайлы Маңғыстау облысы он үшінші орынды қанағат тұтты. Қазыналы түбектің өндірісшілері мұнай, көмірсутекті сұйытылған газдар, пластмассадан жасалған құбырлар мен түтіктер өндірісін арттыру есебінен 102 пайыздық өсімге қол жеткізді. Ал салыстырмалы уақыт аралығында өсімге иек артқан өңірлер Қызылорда облысымен тәмамдалады. Осы өсімі бар аймақтардың ең соңында қалған Сыр өңірінің еңбек адамдары ілеспе мұнай газын, түйіршіктер және тас үгіндісін, күрішті, электр және жылу энергиясын шығаруды жолға қойып, мұнай мен газды өндіру саласындағы қызмет көрсетуді өсіріп, 101 пайыздық өсімді еншіледі. Жоғарыда айтқанымыздай, бұдан соңғы екі облыс — Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруде кері кетушілік орын алған. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында сүт, сары май және рапс майы, макарондар, бетон, жүк вагон-дары, электр энергиясының өндірісі төмендеп кеткен. Бұл аймақ өсімін 99,4 пайызбен тоқталуына апарып жеткізді. Сол сияқты Батыс Қазақстан облысында газ конденсаты, табиғи газ, газойльдер, электр энергиясы өндірісінің төмендеуі есебінен нақты көлем индексі 97,1 пайызды құраған. Жалпы, еліміз бойынша 2010 жылғы қаңтар-қазанда кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлер қазуда нақты көлем индексі 105,4 пайыз болды. Соның ішінде темір кенін (115,3%), шикі мұнай (105,4%), табиғи газды (101,9%), көмір және лигнит (101,1%), өндіру біршама өсті. Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 18,7 пайыздық өсу тіркелді. Тамақ өнімдері және сусындар, металл емес минералды өнімдер, мұнай өңдеу өнімдері, электр жабдықтары, мәшинелер мен жабдықтар, автокөлік құралдары, химиялық, қара және түсті металлургия өнімдерінің өндірісі өсті. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда электр энергиясын өндіру, беру және бөлу көлемі 7,1 пайызға, бу беру және ауа баптау жүйелері 3,3 пайызға артты. Сумен жабдықтаудың нақты көлем индексі 105,5 пайызды құрады. Осы сандар еліміздің өнеркәсіп саласында тұтастай алғанда жақсы өсім болғанымен, бәзбір облыстардың әлі артта қалып келе жатқанын көрсетіп берді. Сәкен МАЙЛЫБАЙ. Астана көрмеге дайын Жуырда Астанада “ЭКСПО-2017” халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу өтінімін жылжыту және ілгерілету жөнінде халықаралық конференция өтті. Оған Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова, Үкімет мүшелері, сондай-ақ Халықаралық көрмелер бюросына мүше елдердің Астанадағы дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысты. Басқосудың басты мақсаты аталған көрмеге Астананың өтінімін жылжыту мен ілгерілетудегі дайындық жұмыстарымен таныстыру болды. Халықаралық игі шараға арналған таныстырымдар 19 қарашада Испания астанасы Мадрид қаласында, ал 24 қарашада Франция астанасы Парижде Қазақстанның осы елдердегі елшіліктерінің ұйымдастыруымен өтпек. Сондай-ақ келер жылдың маусымында Қазақстан Халықаралық көрмелер бюросына өтінім мәліметтерін тапсыруды және ХКБ-ның Бас Ассамблеясының отырысында алғашқы тұсаукесер өткізуді жоспарлауда. Энергетика және экология мәселелерінің ерекше маңыздылығын есепке ала отырып, Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастыққа “ЭКСПО-2017” көрмесін өткізуде “Болашақ энергиясы” тақырыбын ұсынбақшы. Бұл өз кезегінде қуат қорлары мен баламалы энергия көздерін енгізу, күн, жел, теңіз, мұхит және термальді сулардың энергетикалық қорлары секілді адамзат үшін маңызы зор мәселелерді қозғауға жол ашпақ. ЭКСПО көрмелері мамандандырылған және әмбебап болып екіге бөлінсе, оның алғашқысы екі әмбебап көрменің аралығында үш айдан артық емес уақытта, 25 га жерден аспайтын аумақта және ортақ тақырыпта өткізілуі тиіс болса, екіншісі бес жылда бір рет алты айдан аспайтын кезеңге, ауданы шектелмей, барлық қатысушыларға ортақ тақырыпта өтеді. Қазақстан ХКБ-ға 1997 жылдан мүше болып келеді және Аичи -2005, Сарагоса-2008 , Шанхай-2010 ЭКСПО көрмелеріне қатысты. Қазіргі таңда еліміздің Есу-2012 мен Милан-2015 ЭКСПО көрмелеріне қатысуына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сарагосадағы “ЭКСПО-2008” көрмесі қорытындысында 104 мүше мемлекеттер арасында еліміздің павильоны сыртқы және ішкі безендіру, ішкі дизайн, “Су және тұрақты даму” тақырыбына байланысты экспозиция сапалары белгілері бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды. Мемлекет басшысының осы көрмеге сапары кезінде осыған ұқсас шараны Астанада өткізу қажеттігі туралы айтылған-ды. Бұл шара көрме нысандарының құрылысына инвестициялардың елеулі көлемдерінің тартылуы мен қаланың инфрақұрылымының дамуына зор ықпал етпек. Сонымен қатар жаңа және жаңартылған мейманханалық кешендердің құрылысына, ішкі туризмнің дамуына да өзіндік серпін берсе, көп ұлтты мәдениеті мен дәстүрлері бар еліміздің меймандостығын әлемге паш етуде де үлкен маңызға ие. Биылғы жылы қыркүйек айында Елбасының Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысымен кездесуі өткен-ді. Онда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев В.Лоссерталес мырзаға еліміздің “ЭКСПО-2017” көрмесін өткізу құқығына кандидат болуға ниетінің үлкен екендігіне кепілдік беретінін ерекше атап көрсеткен болатын. Осылайша “ЭКСПО-2017” көрмесін Астанада өткізу Қазақстанның ұлттық идеясына айналып отыр. Оған дайындық жалғаса бермек. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК. Экономикалық жағынан тиімді жобалар Елбасының биылғы Жолдауында өңірлерде бизнестің жаңа тобын құру мен дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу тапсырылған. Осылайша үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес өңірде тың жобалардың тиянағы келтіріліп, жұртшылықтың әлеуметтік жағдайы жақсарды. Ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін жобалар қатарына Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қапшағай қаласындағы құрылысы аяқталуға жақын нысандарға халықты экологиялық жағынан таза өнімдермен қамтамасыз ететін Қазақ тағамтану академиясының “Амиран” балалар тағамы зауытының құрылысын жатқызуға болады. Негізгі жұмысы толығымен аяқталып, еуропалық стандартқа сай шетелдік технологиямен жабдықталған зауыттың сыртқы келбеті мен айналасын асфальттау, абаттандыру жұмыстары ғана қалыпты. Аталған кәсіпорын толық іске қосылғанда тәулігіне 12 тонна сүт, айран, йогурт, сүзбе, ірімшік, тағы басқа табиғи дәрумендерге бай балалар тағамының қоспасыз жеті түрі шығарылмақшы. Бұл сәби денсаулығын жақсартуға жасалған нақты қадам екені анық. Кәсіпорын шикізатты Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарындағы шаруашылық кооперативтері мен шаруа қожалықта-рынан келісім жасау арқылы толықтыруды көздеп отыр. Мұнда еңбек ететін мамандар қатары іріктеліп, жұмысты бастауға әзір әрі олар арнайы дайындықтан өткен. Желтоқсанда жұмысын бастайтын зауыт өз өнімін алғашқыда Алматы қаласы мен жетісулық тұтынушыларға ұсынбақшы. Өйткені, балалар тағамының сақталу мерзімі қысқа, үш-ақ күн. Саудаға шығару жұмыстары ойластырылып, бұл мәселені Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп шешу жағы қарастырылуда. Осы сияқты өнімді балабақша, аурухана және басқа да балалар мекемесі жанынан орын ашу арқылы өткізу жөнінде ұсыныс жасалуда. Өңірдегі ірі жобалардың бірі осы аудандағы Қайнар селолық округіне қарасты “ЮСКО” көп салалы логистикалық кешені. Биыл есігін айқара ашатын нысан құрылысы 35 мың шаршы метрге созылып, ол үш блокты құрайды. Көп салалы логистикалық кешен құрылысына оңтүстіккореялықтар 4,5 млрд.доллар көлемінде инвестиция салып, темір жол стансасына жақын орналастырған. Қазіргі кезде құрылыста 500-ге жуық адам еңбек етсе, кешен пайдалануға берілгенде жергілікті халықтан 200-ден аса адам жұмыспен қамтылмақшы. Іле ауданына жақын орналасқан селолық округте соңғы жылдары оралмандар отбасы көптеп қоныстанғанын ескерсек, олардың еңбек етуіне мүмкіндік туғаны қуантады. Іргелі жұмыстардың орталығына айналған Еңбекшіқазақ ауданындағы Қырбалтабай селолық округіндегі Қайнар ауылында да “Есік жеміс консервілеу зауыты” ЖШС италиялық технологиямен өнім шығаруда. Жолдау тапсырмасына орай аталған кәсіпорынды салуға және жабдықтауға 600 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылып, мұнда тәулігіне 600 тонна өнім өңдеуден өткізілуде. Кәсіпорын жұмысшылары биыл тұтынушыға 650 тонна томат сықпасын ұсынған. Кәсіпорын қажетті өнімді өздері өсіруде. Биыл 300 гектарға қызанақ ексе, алдағы жылы оның көлемін екі есеге көбейтпекші. Жаз бойы мұнда жүзден астам адам жұмыспен қамтылса, тұрақты жұмысшылар қатары қырық адам. Олардың еңбекақысы да жоғары. Өңірде құрылыс жұмыстары қарқын алғандықтан, қажетті материалдар шығару мәселесі де үнемі назарда. Қапшағай қаласында “ІLNO GROUP” зауытында иілген болат профильдер шығарылмақшы. Аталған құрылысты “Қазақстан даму банкі” АҚ пен серіктестіктің өзі 15 млн.доллар инвестиция салу арқылы қаржыландырыпты. Өнеркәсіп кешенінің екінші кезеңінде жылына 100 мың тонна металл бұйымдар шығару жоспарлануда. Заречный ауылына орын тепкен зауыт қазіргі кезде тұрғынжайлық, өнеркәсіптік және азаматтық нысандар құрылысына қажетті металл бұйымдар өндіріп, оған жақын шетелдермен бірге Қытай да сұраныс білдіруде екен. Қаңтар айында толық жұмысын бастайтын нысанда түйінді мәселелер де бар. Ол қаржы жетіспеушілігі. Қалайда жұмысын қалыпты арнаға түсіруді көздеген зауыт ұжымы иілген болат профильдер шығарып, өзінің бәсекеге қабілеттілігімен ерекшеленгенін айтқан артық емес. Қазіргі кезде зауытта жергілікті түрғындар есебінен 150 адам еңбек етуде Құнды құжатта жобаларды жүзеге асыру арқылы экономиканы нығайту мен халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесі нақтыланып, тапсырмалардың орындалуы арқылы бекігенін көреміз. Экономикалық жағынан пайдалы жоғарыдағы жобалар үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның шешімін тапқанының нақты дәлелі. Алматы облысы. Жаңа зауыттың жетістігі Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Қостанайға келді. Ол бұл сапарында алдымен өртсөндіргіш қаптама шығаратын зауыттың лентасын қиды. Өрт сөндіру кезінде аса қажетті бұл құралды Қазақстан осыған дейін Ресейден алатын. Тығырықтан шығар жол табылды, міне, енді ол өзімізде өндірілетін болады. Өртсөндіргіш қаптама өрт сөндіру мәшинелеріне, ғимараттарға пайдаланылады. Резеңке шлангінің сырты күймейтін жіптен тоқылып, қапталады. Осы күймейтін жіп Ресейдің Челябі облысынан алдырылады. Оны тоқитын станок-жабдық 1 миллион долларға Еуропадан алдырылды. “Өрт сөндіруші” АҚ-тың Қостанай филиалы болып саналатын бұл зауыт еліміздегі өртсөндіргіш қаптама шығаратын алғашқы өндіріс кәсіпорны. – Ғимараттардағы өртсөндіргіштердің барлығы да Кеңес одағынан қалған. Бүгінде олардың тозығы жетіп тұр. Зауыт осы өндірістің алғашқы сатысы болып саналады. Екінші сатыда зауыт жұмысы әлі де кеңейтіледі,–деді Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко. Айтпақшы, зауытта тек өрт сөндіргіш жең ғана емес, құрылысқа қажетті құбырлар, басқа да заттар шығарылады. Министр зауыт өндірісі кеңейтілгенде, ол өртсөндіргіш жеңмен республика рыногын қамтамасыз ететінін айтты. Бұл елімізде жүзеге асып жатқан индустриялық-инновациялық бағдарламаның бағытына да, мақсатына да жауап береді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай. Көрсеткіштер дамуға жетелейді
Биылғы жылдың үшінші тоқсан қорытындысы бойынша индустриялық-инновациялық даму қарқыны жағынан облысымыз бірінші орынға шықты. Еліміз бойынша жасалған рейтинг көрсеткіштері барысында облыстағы он аудан үздіктер қатарынан көрінді. Осындай мазмұнда өткен жиылыста мұндай жағымды жаңалықты облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. Яғни, өңірдің қай саласы болмасын даму үрдісі қарқын алып, үшінші тоқсан қорытындысында жалпы, өнім көлемін өткен жылға қарағанда 125 пайызға дейін арттыруға қол жетті. Облыс орталығының іргесінде орналасқан Павлодар, Шарбақты, Железин аудандары шағын бизнес кәсіпорындарының үлесі, бөлшек сауда айналымы, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару, шағын бизнес құрылымдарының саны, негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемінің қарқыны бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізген.
Облыстағы Ақтоғай және Лебяжі аудандары бұрынғыша республикалық рейтинг көрсеткіштері бойынша артта қалып келеді. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының мәлімдеуінше, облыста ішкі сұраныстың артуы, экспорттық бағыттағы өнімдерге баға конъюнктурасының оң әсер етуі, өнеркәсіптік өндірістің 24,7 пайызға өсуіне ықпал еткен. Бұл күндері өңірдегі барлық өндіріс орындары тұрақты жұмыс істеуде. Облыста 54 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Жыл басынан бері 12 жаңа жоба іске қосылды. Ал жыл соңына дейін тағы да 18 жобаны іске қосу жоспарлануда. Жаңа жобалар іске қосылғанда өңірде 2650 жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, отандық тауарлар мен қызметтердің барынша өтімді болуына да көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері облыстың тауар өндірушілерінің ұлттық компаниялар мен ірі кәсіпорындармен жасаған келісім-шарттары өткен жылмен салыстырғанда 41 пайызға артып отыр. Ауыл шаруашылығында да даму қарқыны байқалды. Жалпы өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға өскен. Ауылшаруашылық басқармасының хабарына қарағанда, рынокты жергілікті өңдеуші кәсіпорындардың өнімдерімен толтыру бағытында жыл басынан бері 12 өңдеуші нысан ашылды. Ал, жергілікті жерге инвестиция тартуда. Павлодар, Шарбақты, Железинка және Май аудандары, Екібастұз қаласы көш басында келеді. Тұрғындардың ақшалай кірісі 21 пайызға өскені, жалақының өсуі барлық салаларда көрініс тауып отыр. Жұмыссыздықтың жаппай белең алу жағдайы жоқ. Жыл басынан бері 9 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Бұл күндері облыс әкімдігі тарапынан өнеркәсіптік саладағы оң өзгерістерге, бағаны тұрақты ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Өңір бойынша азық-түлік бағалары тұрақты, нан қымбаттамайды. Сонымен қатар қыс және көктем мезгілдерінде көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында алынған өнімдерді сақтау жұмыстары да жүргізілуде. Қазір баға тұрақтылығын сақтау мақсатында Павлодар ауданы өздері өсірген көкөніс өнімдерін жәрмеңкелерге шығарып, әлеуметтік дүкендерге жеткізіп жатыр. Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысынан көкөніс жеткізу мәселелері де қарастырылуда.
Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы.
Орталық мемлекеттік органдардың интернет-сайттары
Қазақстан Республикасының Үкіметі www.government.kz
Ішкі істер министрлігі www.mvd.kz
Қорғаныс министрлігі www.mod.kz
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі www.eco.gov.kz
Білім және ғылым министрлігі www.edu.gov.kz
Сыртқы істер министрлігі www.mfa.kz
Денсаулық сақтау министрлігі www.mz.gov.kz
Көлік және коммуникация министрлігі www.mtk.gov.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі www.enbek.gov.kz
Қаржы министрлігі www.mіnfіn.kz
Әділет министрлігі www.mіnjust.kz
Төтенше жағдайлар министрлігі www.emer.kz
Мәдениет министрлігі www.sana.gov.kz
Байланыс және ақпарат министрлігі www.bam.gov.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі www.mіnagrі.kz
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі www.mіt.kz
Экономикалық даму және сауда министрлігі - www.mіnplan.kz
Туризм және спорт министрлігі www.mts.gov.kz
Мұнай және газ министрлігі www.memr.gov.kz
Статистика агенттігі www.stat.kz
Жер ресурстарын басқару агенттігі www.auzr.kz