15 Қаңтар, 2016

Қазақстан Фермерлер одағының МӘЛІМДЕМЕСІ

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Фермерлер одағының Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауларын өткізу жөніндегі бастаманы қолдау туралы

МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстан Фермерлер одағы атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу жөніндегі бастаманы қолдаймыз. Әлемдік экономикалық дағдарыс ахуалы жағдайында еліміздің аграрлық саласының еңбеккерлері ел экономикасында терең сілкіністерді болдырмау жөніндегі ықпалды және тиімді шараларды қабылдау үшін қолда бар барлық мүмкіндіктерді жұмылдыруға деген ұмтылысты барынша қолдайды. Саяси және экономикалық тұрақтылықты қолдай отырып, Фермерлер одағы тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін сақтауға және дамытуға бағытталған Елбасының стратегиялық бағытын жалғастыруға деген ұмтылысқа бірігуді жақтайды. Бүгінгі бүкіл әлем және Қазақстан үшін күрделі болып отырған жағдайда халық сенімінің мандатын қуаттаудың және дағдарысқа қарсы шешуші іс-қимылдарға кірісудің маңызы зор. Барлық қазақстандықтарды Парламенттің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауын өткізу жөніндегі бастаманы қолдауға шақырамыз.