Бокс • 12 Мамыр, 2024

Жәнібек Әлімханұлының рингке шығатын күні белгілі болды

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандасымыз, кәсіпқой боксшы WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) ESNews арнасына берген сұхбатында кезекті рет рингке қашан шағатынын айтты, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлының рингке шығатын күні белгілі болды

Фото: janibek_alimkhanuly

Жәнібек Әлімханұлы 15 маусым күні Лас-Вегастағы Palm Casino Resort кешенінде бокс кеші өтетінін, сол бәсекеде жұдырықтасытынын жариялады. 

Алайда WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қарсыласы кім болатынын айтпады.

Айта кетейік, бұған дейін америкалық спорт сарапшылары отандасымыздың міндетті қарсыласы ретінде жаңазеландиялық  Андрей Михайловичті (21-0, 13 КО) атаған еді.

Ал Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін 2023 жылдың қазан айында өткізіп, жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024