Оқиға • Бүгін, 17:00

Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соғыс басталғалы бері алғаш рет украиналық ұшқышсыз ұшу аппараттары Ресейдің Свердлов және Челябинск облыстарына дейін жетті. Шабуыл кезінде дрондар 1700-1800 шақырымнан астам қашықтықты ұшып өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады

Ақпарат көздерінің мәліметінше, шабуыл Мәскеу уақытымен таңғы 05:30-да (Астана уақытымен 07:30) басталған. Екатеринбург тұрғындары аспандағы гүрілден соң, қатты жарылыс дауысын естіген.

Батыс Қазақстан облысына құлаған дрон қай елге тиесілі?

Екатеринбургтің дәл орталығында орналасқан «Тринити» тұрғын үй кешеніне дрон келіп соғылған. Жоғарғы қабаттардың терезелері қирап, түтін шыққан. Көпқабатты үйден 50-ден астам адам эвакуацияланған. Кем дегенде төрт пәтерге зақым келген.

Иранның дроны Әзербайжан аумағына құлады: Шекараға әскер топтастырылып жатыр

Алдын ала мәлімет бойынша, қалаға Украинаның «Лютый» типті ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасаған. Дронның бөлшектері мен ғимарат қасбетінің сынықтары оқиға орнынан 200 метр қашықтыққа дейін шашыраған.

Шабуыл салдарынан алты адам зардап шекті. Олардың бірі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылса, қалған бесеуі түтінге уланып, ауруханаға барудан бас тартқан.

Сонымен қатар Челябинск маңында да бірнеше жарылыс болды. Жергілікті билік инфрақұрылым нысандарының біріне жасалған шабуылдың беті қайтарылғанын, зардап шеккендер жоқ екенін айтады. 

Соңғы жаңалықтар