Фото: istockphoto.com
Иран тарапы өңірдегі бірнеше америкалық әскери базаға да соққы жасалғанын хабарлап, Вашингтон тарапынан әрекеттер жалғасқан жағдайда қатаң жауап берілетінін ескертті.
«Қарсыластың дұшпандық әрекетіне жауап ретінде Ислам революциясы сақшылары корпусының әскери-теңіз күштері түнгі сағат 2:30-да Бахрейндегі АҚШ-тың 5-флотына қарсы дрондық шабуыл жасады», делінген (ИРСК) мәлімдемесінде.
Соққы салдарынан Бендер-Аббас пен Джаск қалаларында, сондай-ақ Кешм және Сирик аралдарында жарылыстар болған. Нәтижесінде екі су қоймасы қирап, елдің оңтүстігіндегі телекоммуникациялық мұнара зақымданды.
Айта кетейік, сәрсенбіге қараған түні АҚШ әскери күштері Иран аумағына соққы жасады. Пентагон бұл операцияны америкалық Apache тікұшағы атып түсірілген соң жүзеге асырғанын хабарлады.
Иран Ормұз бұғазын бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеп отыр. Бұған дейін ИРСК рұқсатсыз бұғаздан өтпек болған танкерлерге шабуыл жасаған болатын.