Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының XVIІ съезіне қатысуға Ақсу қаласынан облыстың арнайы делегациясымен келдік. Көңіл көтеріңкі. Елбасы баяндамасын тыңдап бәріміз де бір серпіліп қалдық. Қандай көп маңызды жайларды жеткізді. Еліміз әлемнің 50 инновациялық дамыған елінің қатарына енді. Бүкіл қазақстандықтар қуанатын жайт қой. Серпіліс деген осы. Тағы бір қуаныш сол, былтыр біздің кеншіміз Рышат Әміренов Елбасы қолынан «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған болатын.
Мен «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ бастауыш партия ұйымын басқарамын. Біздің корпорацияда 3205 партия мүшесі бар. Президент «Соңғы алты жылда бізде экономиканың 28 жаңа саласы пайда болды, 890 өндіріс іске қосылды. Бүгін бізде ешқашан өндірілмеген 400 жаңа өнім түрлері өндіріледі» деп атап өтті. Мысалы, біздің Еуразиялық Топтың құрамындағы «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ еліміздегі электр энергиясының 17 пайызын, көмірдің 20 пайызын өндіреді. Ақсу электр стансасы, «Восточный» көмір кеніші бар алып кәсіпорында бұл күндері 6222 адам еңбек етуде. Орташа жалақының көлемі – 162288 теңге.
Осы съезде сөйлеген сөзінде Елбасы «Қазақстанда жұмыссыздық деген болмауы керек. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер бар», дегенінің нақты мысалын біздің кәсіпорын жағдайынан-ақ көруге болады. Біздің кәсіпорынның жетістіктері жайлы да «Егемен Қазақстанда» мақалалар жарияланып тұрады. Жуырда ғана «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ электр стансасы 266 миллион теңгеден астам қаржы жұмсап, тепловоз сатып алды. Жаңа технологиялар өндіріске келуде. Стансада 2001 жылдан бері жабдықтарды жаңарту және қайта құру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта «ЕЭК» АҚ-тағы 8 энергиялық блоктың 5-уі қайта жаңарудан өтті. Жалпы, партиямыздың кезектен тыс XVIІ съезінің біздің қоғам үшін маңызы жоғары. Партиямыз қолға алатын міндеттерге халық сенеді.
V шақырылымдағы Ақсу қалалық мәслихатының депутаты ретінде қаланың әлеуметтік саласы және абаттандыру мәселелерімен айналысамын. Бүгінде «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Біз өндіріс көлемін ұлғайтуға, мемлекетіміздің тұрақты дамуына бағытталған реформаларды қолдаймыз. Сонымен қатар, ұжымымызға әлеуметтік белсенділік те жат емес. Сондықтан, біз, ірі кәсіпорын ретінде, елімізде орын алып жатқан маңызды оқиғалардан тыс қала алмаймыз және облыстық, қалалық мәслихаттар депутаттығына алты үміткер ұсынып отырмыз. Тек бірлескен күш-жігерімізді біріктіріп қана қазақстандық дәулеттілікке қол жеткізетіндігімізге нық сенімдімін!
Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу де – қазіргі дағдарыс кезіндегі дұрыс қадам. Уақыт талабы осындай. Жауапты. Жаңа міндеттердің орындалуы үшін қоғамға серпіліс, жаңарту, жаңғыру жолы керек. Сол үшін де жаңа Мәжіліс жасақталатыны сөзсіз. Ал, партиямызға халықтан жаңа сенім мандатын алуға мүмкіндік туып тұр.
Татьяна НОСАЧЕВА,
«Еуразиялық энергетикалық
корпорациясы» АҚ адам ресурстарын басқару және әлеуметтік мәселелер
бойынша вице-президенті.
Павлодар облысы,
Ақсу қаласы.

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22