Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Парламент Мәжілісінің сайлауы алдындағы сайыстағы кезекті қадамы Алматының «Арбат» аталатын алаңында флеш-моб ұйымдастырумен басталды.
Партияның атауы мен белгісін жалауша етіп көтерген, ақ жейдесін киген белсенділер топталып тұрып алып, Қазақстанның Әнұранын шырқады. «Арбат» бойын жалаулатып, әндетіп жүріп өткен топ басында партияның Алматыдағы филиалының жетекшісі Тазабек Сәмбетбай мен аппарат ұйымының жетекшісі Қуат Күнболатов жүрді.
Флеш-моб ұйымдастырушылар акциясы небәрі 12 минутқа созылды.
Партия белсендісі Қуат Күнболатовты әңгімеге тарттық.
– Мәселе партия мүшелерінің санында немесе осында тамашалауға келген халықтың нөпірінде емес, – деді аппарат ұйымының жетекшісі. – Біз бүгінге өз алдымызға қойған міндетімізді абыроймен әрі тиянақты орындап шақтық. Егер байқаған болсаңыздар, біздің партияның рет саны «5», сондықтан да біздің атқарған жұмысымызға «бестік» деген баға лайық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аяусыз күресті бастау туралы ұранымыз да бүгінгі осы іс-шараның аясына кіреді. Жүргіншілерге «Социал-демократ» атты өз газетімізді тараттық. Тұтастай алғанда біздің мақсатымыз айқын. Ол – ең төменгі күнкөріс деңгейін ұлғайту, соған сәйкес, еңбекақыны, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейту. Заманауи қолжетімді тұрғын үй-жайдың толассыз құрылысын қамтамасыз ету, табысы аз және жас отбасыларға жеңілдіктер енгізу. Өзін өзі жұмыспен қамтығандардың ресми есебін жүргізіп, оларды қалауы бойынша қайта оқыту мен жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру. Бұл қатарда кәсіподақтардың құқықтарын кеңейту мәселесінің де алатын орны ерекше. Ауылдарды сумен, энергиямен және жылумен қамтамасыз етудің жаңа жүйелерін құру, мектеп, аурухана, жол, мәдениет нысандарын салу және ескілерін жаңғырту қазіргі таңда күн тәртібінен түспеуі тиіс. Қысқасы, ауылды өмір сүруге лайықты және құндылықтардың ошағы ретінде қайта түлету қажет.
Сөзінің соңында ол бүгінгі саяси акцияға өзінің көңілі толатынын атап өтті. Алдағы міндетіміз – сайлауда Парламенттің құрамына кіру, деді ол.
Партияның құрамына таяуда ғана қабылданған Халелхан Әділханов –үшінші топтағы мүгедек. Оның ЖСДП-ның қатарына кіргендегі өз мақсаты бар екен. Өйткені, бүгінде әлеуметтік салада қиындықтарға тап болып жүргендер де жоқ емес. Солардың бірі – өзі көрінеді. Дәрігерлер ІІ топ мүгедегін белгісіз себептермен ІІІ топқа көшіріп жіберген.
Партияның жаңадан қосылған мүшесі ЖСДП жеңіске жетіп жатса, Парламент Мәжілісінің жоғары мінберінен өзі және өзі секілді әділетсіздік көрген әріптестерінің мүддесін қорғайтынына сенімді.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Экономика • Бүгін, 18:44
Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest-2026 басталды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Абай облысындағы бейнекамера жүргізушілерге заңсыз айыппұл тіркеп келген
Заң • Бүгін, 18:06
Мәйіттік донорға мұқтаждар көп
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:51
Депутат: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты мәселе көп
Қоғам • Бүгін, 17:35
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47