«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуі белсенді бағыт алуда. Аптаның аяғы, демалыстың алғашқы күніне түскен үгіт шаралары Орал қаласынан басталып, одан елорданың төрінде кәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп, кейінгіде атбасы Талдықорған қаласына бұрылды. Ақжолдықтар ел экономикасын жақсарту тұрғысында отандық өнім өндірушілерді қолдау үшін Талдықорғанға арнайы келген еді.
Айтар болсақ, Көкшетау қаласында ақжолдықтар, оның ішінде Мәжіліс депутаттығынан үміткер, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Қайырбек Кемеңгер Қазақ педагогикалық колледжіндегі оқу ұжымымен кездесті. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген кандидат «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды сөз етсе, ұжым мүшелері оған қолдау білдіретіндігін жеткізді.
Ал ақжолдықтардың тағы бір өкілі, Ұлттық зерттеулер институтының директоры Бөріхан Нұрмұхамедовтің жолы Оңтүстік Қазақстан облысына түсті. Сапарын облыс орталығы – Шымкент қаласынан бастаған ол «Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар» колледжінде қала тұрғындарымен кездесті. Онда партияның сайлауалды бағдарламасымен көпшілікті таныстыра отырып, кездесуге келгендердің әлеуметтік, нарықтық және қазіргі әлемдік саяси мәселелер туралы қойған сұрақтарына жауап берді.
Б.Нұрмұхамедов, сонымен қатар, Төлеби ауданы, Көксаек елді мекеніндегі аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесу өткізді. 200-ден аса білікті дәрігер-мамандар жұмыс істейтін кең ұжымды аурухананың жағдайына қанық болған үміткер кездесу барысында «Ақ жол» партиясының Парламент Мәжілісінің 5-шақырылымында атқарған жұмыстарына шолу жасады.
«Ақ жол» ҚДП-ның Ақмола облыстық филиалында да еліміздің Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауларына арналған шара өтті. Бұл басқосуға партияның белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты. Алдағы сайлауға үгіт-насихат жұмыстарының басталуына орай Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміткер Меруерт Қазбекова саяси науқанның жай-жапсары жайлы кеңінен әңгімеледі.
Сонымен қатар, ақжолдықтар Н.Жазылбеков пен Д.Васильев Талдықорған қаласындағы «Зире» диагностикалық стационарында және «Алматинские краски» мекемесінде болып, аталған мекемелердің ұжымдарымен кездесті. Қазіргі заманғы әдістермен жұмыс істейтін, жаңа құрылғылармен жабдықталған стационардан Талдықорған өңірінің ғана емес, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары да ем алады. Оларға кәсіби біліктілігі жоғары 80 адам қызмет көрсетеді.
Эльмира МӘТІБАЕВА,
«Егемен Қазақстан».

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Экономика • Бүгін, 18:44
Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest-2026 басталды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Абай облысындағы бейнекамера жүргізушілерге заңсыз айыппұл тіркеп келген
Заң • Бүгін, 18:06
Мәйіттік донорға мұқтаждар көп
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:51
Депутат: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты мәселе көп
Қоғам • Бүгін, 17:35
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47