«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов бастаған республикалық сайлауалды штаб делегациясы кеше Павлодар облысында «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандарына рейд жүргізді. Сондай-ақ, осындағы металлургиялық зауыт пен астық өңдеуші кәсіпорындардың ұжымдарымен кездесіп, партияны қолдаушылардың форумына қатысты.
Республикалық сайлауалды штаб мүшелері алдымен «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан Павлодар мен Ақсу қалаларын тікелей байланыстыратын Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің және екі тұрғын үйдің құрылыс алаңында болды. Ұзындығы 12 шақырымға созылған аспалы көпір Орталық Азиядағы ең ұзын көпірлер қатарында. Бұл өткел Астана – Павлодар – Өскемен автобанының бір бөлігіне айналып, Қазақстанның орталығын Ресейдің көршілес өңірлерімен байланыстырады.
«Жалпы, бағдарлама аясында 5 мың шақырым автожол, 2,5 мың шақырым шойын жол төселмек. «Нұрлы Жолға» тек қана жол құрылысы емес, жолмен бірге, тұрғын үй, индустриялық-энергетика және коммуналдық инфрақұрылымдар құрылысы да жатады. Елбасы тапсырмасына сәйкес биыл қосымша 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі», – деді А.Мырзахметов. Бұл ретте, «Нұрлы Жол» аясында тұрғызылған үйлерде үш айдан кейін 270 отбасы қоныс тойын тойлайды деп жоспарланғанын айта кету керек.
Тағы бір кездесу Қазақстан металлургиясының көшбасшысы саналатын «Қазақстан электролиз зауытында» өтіп, оған зауыт еңбеккерлері жиналды. Кездесу барысында Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз сөзінде еңбек адамына ерекше тоқталып, адал еңбек етуге қабілетті адам әрқашан да өмірде өз орнын табатыны жайлы, Қазақстанның гүлденуі әрбір азаматтың қолында екенін әрқашан да айтып жүргеніне ден қойылды.
2010 жылдың маусым айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев зауыттың екінші кезегін іске қосты, нәтижесінде кәсіпорын жылына 250 мың тонна алюминий өндіретін жаңа жобалық қуатқа қол жеткізді. Зауыт жетекшісі Роман Романов өз өнімдерінің өзге елдерге: Ресей, Украина, Беларусь және Өзбекстанға экспортталатынымен бөлісті. Қазіргі таңда кәсіпорында 2,5 мыңға жуық адам еңбек етсе, солардың 1,3 мыңнан астамы «Нұр Отан» партиясының мүшесі көрінеді. Олар сайлауалды бағдарламадағы елімізді индустриялық дамыту жөніндегі міндеттер жүзеге асатындығына бірауыздан сенім білдірді.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар.

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Экономика • Бүгін, 18:44
Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest-2026 басталды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Абай облысындағы бейнекамера жүргізушілерге заңсыз айыппұл тіркеп келген
Заң • Бүгін, 18:06
Мәйіттік донорға мұқтаждар көп
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:51
Депутат: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты мәселе көп
Қоғам • Бүгін, 17:35
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47