АТЫРАУ. 25 ақпан. Атырау облысында әр деңгейдегі мәслихаттарға 433 кандидат ұсынылып, оның 414-і тіркелді. Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау Ибрашевтың мәлімдемесіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Атырау облысында 134 округ бойынша 433 кандидат ұсынылды. Соның 414-і үміткер ретінде тіркелді. Олардың ішінде облыстық мәслихаттың 27 сайлау округі бойынша 90 кандидат ұсынылып, 87-сі тіркелді. Атырау қалалық мәслихатына 19 қалалық сайлау округінен ұсынылған 65 кандидаттың 62-сі тіркелді. Аудандық мәслихаттардың 88 сайлау округі бойынша 278 кандидат ұсынылып, оның 265-і тіркеуден өтті. Барлық деңгейдегі мәслихаттарға ұсынылған кандидаттардың арасынан 19 кандидат өз өтініштерін кері қайтарып алды», – деп мәлім етті Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау Ибрашев.
Әр деңгейдегі мәслихаттарға ұсынылғандардың арасында 365 (88%) кандидаттың жоғары білімі бар, ал арнайы орта біліммен – 35 кандидат (8%) және орта біліммен – 14 кандидат (4%) сайлау додасына түскелі отыр. Кандидаттардың кәсіби мамандығы туралы айтар болсақ, дәрігер – 21 адам (5%), инженер – 74 (17%), білім беру саласының қызметкері – 103 адам (24,9%), заңгер – 42 (10%) және басқа мамандықты меңгергендер үлесі 174 (44%) адамды құрайды. Саяси партиялардан 139 кандидат бар, олардың арасында 134 кандидат «Нұр Отан» партиясынан, 3 кандидат Қазақстан Коммунистік Халық партиясынан, ал 2 кандидат «Ақ Жол» демократиялық партиясының атынан сайлауға түседі.
Атырау мәслихаттарының депутаттығынан үмітті кандидаттардың арасында 297 ер адам (72%) және 117 әйел адам (28%) болса, олардың 275-і өзін-өзі ұсыныпты. Кандидаттардың орташа жасы – 44 жас.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Экономика • Бүгін, 18:44
Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest-2026 басталды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Абай облысындағы бейнекамера жүргізушілерге заңсыз айыппұл тіркеп келген
Заң • Бүгін, 18:06
Мәйіттік донорға мұқтаждар көп
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:51
Депутат: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты мәселе көп
Қоғам • Бүгін, 17:35
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47